08.06.2009, 11:35 1605

Қазақстанда ағымдағы жылдың аяғына дейін тұрғын үй нарығындағы барлық мәселе шешіледі - Кәрім Мәсімов

Қазақстанда ағымдағы жылдың аяғына дейін тұрғын үй нарығындағы барлық мәселе шешіледі - Кәрім Мәсімов

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың аяғына дейін тұрғын үй нарығындағы барлық мәселе шешіледі. Бұл туралы бүгін президенттің қатысуымен өткен дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Бүгінгі жағдаймен "Самұрық - Қазына" бөлген 95 млрд теңгенің 60 млрд теңгесі құрылыс компанияларына аударылды", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, бүгінгі жағдаймен 25 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілді. "Жылжымайтын мүлік нарығында бүгінгі жағдаймен 184 нысанның құрылысы аяқталып, 25 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілді", - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, жылдың аяғына дейін тағы да 25 мың үлескер өз баспанасына ие болады.

Бұған қоса, премьер-министрдің айтуынша, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша 24 мың үлескердің 92 млрд теңгелік өтінімі қанағаттандырылды. "Маусымның аяғына дейін бағдарлама аяқталады", -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны