01.07.2013, 11:04 5034

Қазақстанда ағымдағы жылдың маусымында инфляция 0,3% құрады

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік тауарларына бағалар 0,1% өсті, азық-түліктік емес тауарларға - 0,2%-ға, ақылы қызметтер - 0,5%-ға артты.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдың маусымында инфляция 0,3% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік тауарларына бағалар 0,1% өсті, азық-түліктік емес тауарларға - 0,2%-ға, ақылы қызметтер - 0,5%-ға артты.

Бұдан өзге, өткен айда орта есеппен алғанда республика бойынша картоп, пияз бағасы 7,7%-дан артқан, сәбіз 5,7%-ға, манна жармасына 1,6%-ға, минералды және ауыз су 1,1%-ға, сұлы жармасына 0,9%-ға, шұжық өнімдеріне 0,6%-ға артқан.

Сонымен бірге бағалардың түсуі қиярға, қызанаққа 14,3%-дан, жұмыртқаға - 8,4%, қарақұмыққа - 2,6%, шикі сүтке - 2,5%-ға, күнбағыс майына - 0,6%-ға, қырыққабатқа - 0,3%-ға байқалған.

Оған қоса, құрылыс материалдарына, киім мен аяқ киімге 0,3%-дан, тұрмыстық құралдарға, тазалау құралдарына - 0,2%-дан артқан. Дизельдік отын 0,5%-ға, ал бензин - 0,2%-ға арзандаған.

Өз кезегінде темір жол жолаушы көлігімен ұзақ арақашықтықтарға жүру 1%-ға қымбаттаған, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер, мейрамханалар мен қонақ үйлер, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарында - 0,7%-дан, денсаулық сақтауда - 0,4%-ға артқан.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулердегі кәрізге тарифтер1,5%-ға артқан, ал орталық жылу беру - 1,4%-ға, суық суға - 1,2%, үйді ұстауға - 0,2%, қоқыс шығаруға - 0,2%-ға төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны