25.10.2010, 14:37 3213

Қазақстанда азық-түлік астығының қол сұғылмайтын мемлекеттік қоры 500 мың тоннаны құрайды - Мәсімов

Қазақстанда азық-түлік астығының қол сұғылмайтын мемлекеттік қоры 500 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда азық-түлік астығының қол сұғылмайтын мемлекеттік қоры 500 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ауа райы жағдайының қолайсыздығына қарамастан, ағымдағы жылы біз өзіміздің ішкі және экспорттық міндеттерімізді шешу үшін жеткілікті астық жинап алдық. Азық-түлік астығының қол сұғылмайтын мемлекеттік қоры 500 мың тоннаны құрайды",-деді Үкімет басшысы.

"Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеден асты. Сонымен бірге премьер-министр азық-түлік нарығындағы жағдай үнемі бақылауда тұрады",- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны