25.02.2013, 11:56 3636

Қазақстанда дәнді дақылдар 15,9 млн га егіс алқабына егіледі

"Облыстардың алдын ала мәліметтері бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын 21,3 миллион гектар алқапқа орналастыру жоспарланған, шамамен 2012 жылдың деңгейімен бірдей", - делінген мәлімдемеде.

Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы 2013 жылға жалпы егіс көлемі 21,3 миллион гектарды құрайды, оның 15,9 млн га дәнді дақылдарға бөлінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Облыстардың алдын ала мәліметтері бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын 21,3 миллион гектар алқапқа орналастыру жоспарланған, шамамен 2012 жылдың деңгейімен бірдей", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, жазғы егіс алқабы 18,5 миллион гектар көлемі деңгейінде болжануда, астық егістері 15,9 миллион гектар алқабында орналасады, оның ішінде бидай - 13,1 миллион гектар.

"Бидай алқабының көлемі 2012 жылға қарағанда 329 мың гектарға немесе 2 пайызға қысқарту күтілуде", - деп көрсетілген таратылған баспасөз хабарламасында.

Оған қоса, күріш егіс алқаптары 6 мың гектарға немесе 7 пайызға азайып, бірақ жүгері егіс алқаптары 5 мың гектарға, астық және басқа да жемшөптік дақылдар 22 мың гектарға арттырылған.

"Майлы дақылдарды 2013 жылы 1,8 миллион гектарға, мақта өсімдігін 148 мың гектарға, көкеніс-бақша дақылдары мен картопты 393 мың гектарға, жемшөптік дақылды 3 миллион гектарға орналастыру қарастырылған", - деп хабарлады ведомство.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны