08.06.2007, 14:08 2826

Қазақстанда егін науқаны аяқталды; егіс алаңы 14,1 млн га құрады

АСТАНА. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда егін науқаны аяқталды; егіс алаңы 14,1 млн га құрады, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Егіс жұмыстары республиканың барлық аймақтарында аяқталды. Күздік дақылдар 14,1 млн га алаңға немесе жоспар бойынша 100 пайызға егілді. Егіс науқаны Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жоспардан асыра орындалды",- деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, республикамыздағы көктемгі науқанда 11,9 млн гектарға бидай мен 1,7 млн гектарға арпа егілді. "Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында күріш пен жемге жүгері егу жалғасуда. Республика бойынша жемге арналған жүгері 87,9 мың гектар (89,3 пайыз), күріш - 86,7 мың гектар (100,4 пайыз) алаңға егілді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. Май дақылдары 652 мың гектар (92 пайыз) алаңға егілді, соның ішінде күнбағыс 363 мың га (92 пайыз), сафлор - 65 мың га (88 пайыз), соя - 47 мың га (94 пайыз), рапс - 174 мың га (96 пайыз). Сонымен қатар, Алматы облысында 13,6 мың гектарға қант қызылшасы егілді, ал Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егісі аяқталды, оған арналған алаң 196,2 мың га құрады.

Ауыл шаруашылық министрігінің мамандарының айтуынша, осы жылы ауа райының қолайсыздығына қарамастан көптеген астық егетін аудандарда егіс науқаны "оңтайлы мерзімде аяқталған". "Бұған егіс науқаны алдындағы техниканы жақсы ұйымдастыру, жанар-жағармай материалдарымен және астықпен қамсыздандыру себепші болды",- деп түсіндірді баспасөз қызметінедегілер.

Ауыл шаруашылық министрігінің хабарлауынша, "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының болжамы бойынша, маусым - шілде айларындағы ауа температурасы мен жауын-шашын "жалпы топырақ ылғалдығын сақтау үшін және күздік астық дақылдарының бүр жаруы үішн қолайлы болады". Ауа райының қолайлы болуына байланысты, сонымен қатар басқа да факторларды ескере отырып, мамандар осы жылы астық түсімі соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіш деңгейінде сақталады деген болжам жасауда.

Болжам бойынша осы жылы ауыл шаруашылық дақылдарында зиянкестер мен аурулар 4,5 млн гектарға тарайды деп күтілуде. "Олармен күрес жүргізу үшін республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. Кеселге қарсы химиялық күрес шараларын оңтайлы мерзім - маусымның 20 мен 20-25 шілде арасында жүргізу жоспарланып отыр",- деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны