06.06.2008, 11:40 1858

Қазақстанда электр энергетикасы саласында тартымды инвестициялық орта құру қажет - Назарбаев

Қазақстанда электр энергетикасы саласында тартымды инвестициялық орта құру қажет - Назарбаев

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда электр энергетикасы саласында тартымды инвестициялық орта құру қажет. Бұл туралы бүгін Атырауда Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 19-шы жалпы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кейінгі жылдары тұрақты өсіп келе жатқан энергеияға деген сұраныс бізге өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басында мұраға қалған қуаттылықтың есебінен қанағаттандырылып келді. Егер 2002 жылдан бастап бес жылда электр қуатын тұтыну көлемі отыз пайыздан астам өссе, қуаттылық небәрі 3,5%-ға өсті", -деді Н. Назарбаев.

"Ал қазір жұмыс істеп жатқан станциялардың резерві біткен сәтте экономикаға электр қуатының шектелуі жағдайында жұмыс істеуге тура келмек", - деді ол.

"Өткен жыл жағдайдың мұндай болуы өнеркәсіптің одан әрі өсуіне, экономиканы әртараптандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге күрделі кедергіге айналатынын көрсетіп берді. Энергетикалық қуаттылықты жаңаларын салу есебінен де, қазіргі барларын жаңалау есебінен де қарқынды арттыратын уақыт туды", -деді мемлекет басшысы.

"Балхаш ЖЭС мен Мойнақ СЭС салу, Екібастұздағы 1-ші ГРЭС пен 2-ші ГРЭС-ті кеңейту, Ақсу ГРЭС-ін ұлғайту біздің энергиямен қамтамасыз етілу жағдайымызды біршама жақсартады. Алайда, мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін бізге электр энергетикасы саласында тартымды инвестициялық орта қалыптастыру қажет", -деді ол.

"Бұл бірінші кезекте тариф белгілеудің түсінікті әрі ашық болуын, ұзақ мерзімге есептелген капитал сыйымдылығы жоғары жобаларды меңзейді", - деді Н. Назарбаев.

"Біз инвесторларға жағдай жасау арқылы оған қол жеткізбекшіміз, оларға осында жұмыс істеу мен өз ақшасын салу оның бизнесі үшін пайдалы, қолайлы әрі қызықты болуы үшін", - деді ол.

Қазақстан президентінің пікірінше, инвесторлар мен мемлекет арасындағы өзара міндеттемелер "мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігінің мызғымас іргетасына айналуға тиіс".

"Бұл тек болашақ жобаларға ғана емес, сонымен бірге, энергетикалық өндірістер мен желілерді инвесторларға беруге негіз болған бұрын қол қойылған келісімдерге де қатысты ", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны