11.03.2010, 18:03 3151

Қазақстанда "Евро-2" стандарттарын енгізу ауаның ахуалын жақсартуға көмектесе алмайды - сарапшы

Қазақстанда "Евро-2" стандарттарын енгізу ауаның ахуалын жақсартуға көмектесе алмайды - сарапшы

Астана. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Евро-2" стандарттарын енгізу ауаның ахуалын жақсартуға көмектесе алмайды. Бұл туралы бүгін Еуропалық комиссияның "Қазақстанда экологиялық саясат құралдарын енгізу" атты жобасының бас сарапшысы Болат Есекин дөңгелек үстел кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз "Евро-2" стандартын енгіздік деп кеудемізді қағамыз, ал халықаралық сарапшылар болса бізге "Евро-2" - бірінші қадам, онда тіпті бақылау жүйесі де жоқ, деп отыр. Ол Еуропада 15 жылдам астам уақыт пайдаланылған. Олар айтады: "Сіздерге көліктер де, жанармай да сырттан әкелінеді. Алматыға сапалы жанармай әкелуге қандай кедергі бар? Тым құрыса "Евро-5, 6" стандарттарын енгізіңдер деп отыр", - деді Б. Есекин.

""Евро-2" стандарттарын енгізу арқылы ауаның ахуалын жақсарта алмаймыз. Ал Алматыда ауаны ластаушы басты себеп - автокөліктер", - деді ол.

Өз кезегінде ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Мәжит Тұрмағамбетовтың айтуына қарағанда, Қазақстанда "Евро-3" стандарттарын үш мұнай өңдеу зауытын модернизациялаудан кейін ғана енгізуге болады.

"Біз үш мұнай өңдеу зауытын модернизациялаудан кейін ғана "Евро-3" стандарттарын енгізуге талпына аламыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны