19.08.2016, 12:55 3909

Қазақстанда қазіргі жағдаймен 2 176,1 млрд. теӊгеніӊ мүлкі жария етілді

Ағымдағы күнге барлығы 2 446,0 млрд тенге сомасында 103 346 өтініш (декларациялар) түсті, оныӊ ішінде жария етілгені 2 176,1 млрд. теӊге.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы күнге барлығы 2 446,0 млрд тенге сомасында 103 346 өтініш (декларациялар) түсті, оныӊ ішінде жария етілгені 2 176,1 млрд. теӊге, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардыӊ жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 024,5 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 100 409 өтініш (декларациялар) түсті.

Сомасы 768,6 млрд. теӊгеге 83 372 тұрғын үй объекті, сомасы 242,9 млрд. теӊгеге 44 328 тұрғын үй емес объекті, оныӊ ішінде 10 019 млрд.теӊгеге 164,7 коммерциялық объект, сомасы 7,2 млрд. теӊгеге заӊды тұлғалардыӊ 59 қатысу үлесі, сомасы 5,8 млрд. теӊгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

96 748 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 778,0 млрд. теӊгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,0 млрд. теӊге құрайтын 114 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті.

Сомасы 2 092,2 млн. тг құрайтын 98 тұрғын үй объекті,сомасы 29,9 млн. тг құрайтын 6 тұрғын үй емес объекті, оныӊ ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті, сомасы 15,5 млн. тг құрайтын, 9 заӊды тұлғалардыӊ қатысу үлесі, 2 852,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 4,9 млрд. теӊгеге 108 объект және бағалы қағаздар жария етілді.ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деӊгейлі банктердіӊ 16.08.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 456,1 млрд.теӊге ақшаны жария етуге 2 653 жинақ шот ашылды, (оныӊ ішінде шетелден аударылған 232,1 млрд. теӊге) (соныӊ ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 419,4 млрд.теӊге) соныӊ ішінде: оныӊ ішінде заӊнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теӊгеге 2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;1 335,7 млрд. теӊге мемлекеттік кіріс органдарына по 2 644 декларация ұсыну және шот ашу арқылы, 39,5 млрд.теӊге әлі декларацияланбады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 427,5 млн. теӊге көлемінде 43 декларация түсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны