09.04.2008, 16:01 3320

Қазақстанда құны $10 млрд тұратын Каспий энергетикалық хабын дамыту жобасы жүзеге асырылады

Қазақстанда құны $10 млрд тұратын Каспий энергетикалық хабын дамыту жобасы жүзеге асырылады

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда құны $10 млрд тұратын Каспий энергетикалық хабын дамыту жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Икімнің нақтылауынша, жоба Ақтау қаласының аумағында жүзеге асырылады. "Мұнайгаз өнеркәсібіне арналған көп функциялы сервистік-технологиялық орталық Каспий өңірінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және оның әлеуетін жүзеге асыруға, сондай-ақ, адам капиталы мен жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік береді", - деді Қ. Көшербаев. Оның айтуынша, Қазақстандағы Каспий энергетикалық хабы "Парсы шығанағының елдері үшін салынған Катардағы энергетикалық хаб үлгісінде дамиды".

Каспий энергетикалық хабының құрамды бөліктері ретінде мынадай орталықтар құру межеленген: ғылым және технологиялар паркі, геофизикалық мәліметтер зертханасы, техникалық мамандарды дайындау орталығы, ақпараттық технологияларды дамыту орталығы, қоршаған ортаны зерттеу орталығы, орны толатын қуат көздері жөніндегі орталық.

Қ. Көшербаевтың айтуынша, жобаны Қазақстан үкіметі Gulf Finance House банкі мен PFC Energy International консалтингтік компаниясының қолдауымен жүзеге асырады. Қазақстан жағынан жобаны жүзеге асыруға "Қазына" тұрақты даму қоры" Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, "Самұрық" мемлекеттік холдингі мен Маңғыстау облыстық әкімшілігі қатысады. Бүгін тараптар осы жобаның аясындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

"Бірлескен кәсіпорын құрылады. Бірінші кезеңде $400 млн көлемінде қаржы бөлу жоспарланған", -деді әкім.

Оның айтуынша, жоба жалпы $10 млрд астам қаржыға бағаланған. Жоба тиісті мемлекеттік органдар арасындағы келісімнен кейін бір жылда басталып, 3 - 5 жылда аяқталады", - деді Қ. Көшербаев.

Оның айтуынша, бұл жоба бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылды. Елбасы жобаны қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны