14.02.2013, 14:20 3141

Қазақстанда негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 7,5%-ға артты

Республикадағы 2013 жылдың қаңтарында алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 7,5%-ға артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 7,5%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикадағы 2013 жылдың қаңтарында алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 7,5%-ға артты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов еліміздің 2013 жылдың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында.

"Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 2013 жылдың қаңтарында 217,7 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 7,5%-ға артық", - деді И.Смайылов.

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы ІЖӨ көлемі 30 072, 5 млрд теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсті. ІЖӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 40,7%-ды, қызмет көрсетулері - 52,9%-ды құрады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа көрсеткіштерін алсақ, 2013 жылдың қаңтарында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылдың қаңтар айына қатысты 102%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1485 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылдың сәйкес мерзімінен 0,7%-ға артық.

Өз алдына ауыл шаруашылығының ІЖӨ-нің көлемі 2013 жылдың қаңтарында 64,6 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтарынан 1,4%-ға аз.

Сонымен қатар, еліміздегі жүк айналымы көлемінің азаюы байқалған, оның көрсеткіштері 2012 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8,2%-ды және 34,8 млрд теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны