12.04.2011, 14:58 4829

Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс 6 пайызға өскен

Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс 6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 12 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс 6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6% артқан. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"2011 жылдың қаңтар-наурызында көмір, шикі мұнай, табиғи газ бен металдық кен өндірісі 2010 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда артты. Азық-түлік, сусын, құрылыс материалдары, химия өнімдері, металлургиялық өндіріс пен машина құрылысының көлемі артты", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сай, өндіріс өсуі республиканың 15 аймағында байқалды. Өндірістің төмендеуі Оңтүстік Қазақстанда байқалды.

Photo: ru.tsn.ua.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны