08.06.2006, 16:48 2985

Қазақстанда Орталық Азия-орталық газ құбырын жаңалауға инвестиция жұмсау негіздерін дайындау жұмыстары аяқталып келеді - энергетика министрі

АЛМАТЫ. 8-маусым. Kazakhstan Today. Қазір Қазақстанда Түрікменстан мен Өзбекстандағы 2020-жылға дейінгі ресурстық базаны айқындау негізінде Орталық Азия-орталық газ құбырын жаңалауға инвестиция жұмсау негіздерін дайындау жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Министрдің айтуынша, "газ саласын дамытудағы басымдық берілген бағыт - еліміздің газ тасымалдау жүйесін жаңалау жобаларына инвестиция салу болып табылады. Ол магистральдық газ құбырларының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, табиғи газды экспортқа транзитті тасымалдау көлемін 60-тан 100 млрд. текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді",- деді мекеме басшысы.

"2005-жылы Қазақстанның газ тасымалдау жүйесімен 115 млрд. текше метр газ тасымалданды. 2006-жылы 111 млрд. текше метр газ тасымалдау жоспарланған",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны