03.04.2014, 20:47 13381

Қазақстанда "Сенiм 2014" байқауы аясында үздік жұмыс беруші анықталды

Бүгін Астанада IV "Сенiм 2014" Қазақстанның ең озат жұмыс берушісі" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Астанада IV "Сенiм 2014" Қазақстанның ең озат жұмыс берушісі" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

2014 жылы байқауға қатысуға 100 өтініш берілген. 8 номинация бойынша жеңімпаздар IX "Адам ресурстарын басқару: Өзгерістерді басқарудағы HR ролі" халықаралық конференция шеңберінде марапатталды.

"Конференция осымен тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді және ол байқауға қатысушылар мен жұмыс беруші компаниялардың өкілдіктері және мемлекеттік ограндардың өкілдері арасында қолдау тапты", - деді "Самұрұқ-Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова.

Сарапшылар кеңесі қанағаттандырылғандық, ниеттестілік, басшылықтың бастамасын қолдау сияқты үш индикатор негізінде компания қызметкерлерін еліктіру бойынша сұрақ-жауап нәтижелерін пайдалана отырып, ең озат жұмыс берушілерді анықтады. Жалпы, сауалнамаға 26 328 адам қатысты.

Салалар шегінде мына салаларда жұмыс істейтін компаниялардан ең көп өтінімдер келіп түскен: көлік және байланыс - 17%, мұнай-газ саласы - 14%, тау-кен өдірісі мен металлургия - 11%, қаржы және инвестиция - 11%, машинақұрылысы - 8% құрады.

Сонымен, "Озат жұмыс беруші ұлттық компания" номинациясында стала "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "KEGOC" АҚ жеңіске жетті. "Озат жұмыс беруші трансұлттық компания" атағын "Кар-Тел" ЖШС (Beeline сауда белгісі) иеленді. Ал, қызметкерлер саны 50 мен 2000 аралығында болатың озат өндіруші компаниясы ретінде "ОРТАЛЫҚ" өндіру кәсіпорны" ЖШС ( "Қазатомпром" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) танылды.

Ең озат жұмыс берушілерді анықтауда сарапшылар кеңесі тәуелсіз дереккөздерді ескерді: 14 аймақтағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Қазақстан халқына әлеуметтік сауалнама жүргізу нәтижелері, аймақтық ерекшелік және қызметкерлер құрамының саны, сонымен қатар қатысушы-компаниялардың HR-саясатын қарастырды.

Жалпы, "Сенiм 2014" Қазақстанның ең озат жұмыс берушісі" республикалық байқауы еліміздегі корпоративті әлеуметтік жауапкершілік принциптерінің тұрақты дамуына көмектесуге бағыттылған және жұмыс берушілер мен жұмысшылардың қызығушылығын үйлестіруге себепші болады. Оның жеңімпаздары - бұл қазіргі уақыттың өзінде бизнестің құндылықтарын және өз жұмысшыларының жеке құндылықтарын ықпалдастыратын, табысты келешегі бар компаниялар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны