11.06.2007, 12:13 2602

Қазақстанда заңдастырылған мүліктің жалпы көлемі 7-маусымда 367,2 млрд теңге болды

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда заңдастырылған мүліктің жалпы көлемі 7-маусымда 367,2 млрд теңге болды.Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында қаржы министрі Наталья Коржова құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, заңдастырылған ақша көлемі 145,6 млрд теңге болған. Өз кезегінде әділет министрі Зағипа Балиева 7-маусымдағы жағдаймен заңдастырылған жылжымайтын мүліктің жалпы құны 186 млрд 632 млн 469 мың теңгеге жеткенін хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны