06.09.2006, 17:06 3348

Қазақстанда жаңа электр станцияларын салу мен ескісін жаңалауға 3 млрд. доллардан астам қаржы керек - KEGOC басшысы

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда жаңа электр станцияларын салу мен ескісін жаңалауға 3 млрд. доллардан астам қаржы керек. Бұл туралы бүгін бірінші Еуразиялық энергетикалық форум барысында "KEGOC" АҚ-ның президенті Қанат Бозымбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алдын-ала есеп бойынша 2006-жылы республика 71 млрд. кВт/сағ шамасында электр қуатын тұтынады. 2008-жылдың басында еліміздегі электр тұтыну деңгейі өндірілетін электр қуатының ең жоғары шегі - 73 млрд. кВт-сағ шамасына жетпек. Бұл электр қуатының тапшылығына байланысты экономикалық өсімнің тежелуіне алып келеді",- деді Қ.Бозымбаев.

"Күн сайын өсе түскен электр қуатына деген сұранысты қамтамасыз ету үшін станцияларға ауқымды инвестиция жұмсау қажет. Қазір осыған байланысты екі жоба қаралуда. Біріншісі қазіргі бар электр станцияларын жаңалауға бағытталған кезек күттірмейтін шараларды алу. Бұл 2010-жылға дейін электр қуатын өндіру көлемін 10 млрд. кВт/сағ-қа, 2015-жылға дейін 15 млрд. кВт-сағ-қа жеткізуге мүмкіндік береді. 2010-жылға дейін 580 млн., ал 2015-жылға дейін тағы да 1,2 млн. доллар көлемінде инвестиция қажет болмақ",- деді Қ.Бозымбаев. "Екінші жоба - қазіргі бар электр станцияларын ұлғайту мен жаңа станцияларды салуға саяды",- деді ол.

"Қазір шамамен 2 мың МВт/сағ жаңа қуат көздерін пайдалануға беру талап етілуде. Оған 1,5 млрд. доллар көлемінде инвестиция қажет. 2015-жылға дейін қосымша 1,5 мың МВт/сағ жаңа қуат көздерін пайдалануға беру қажет және оған 2 млрд. доллар көлемінде қаржы талап етіледі",- деді Қ.Бозымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны