27.09.2011, 17:00 4150

Қазақстанда жанармай бағасы қазан айында да бұрынғы деңгейінде қалады

Үкімет қазан айында жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шекті бағасын бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл туралы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім еткен.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда жанармай бағасы қазан айында да бұрынғы деңгейінде қалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Үкімет қазан айында жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) шекті бағасын бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл туралы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім еткен.

"Біз қазан айына шекті бағаларды сіздің тапсыруыңыз бойынша қырқүйектегі деңгейде қалдырдық", - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні үкімет отырысында премьер-министрге.

Сондай-ақ, ол республикамыздың мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) РФ-дан жеткілікті көлемде жеткізілмей отырған Аи-92 бензинінің өндірісіне мүмкіндігінше бағдарланғанын хабарлады.

Сондай-ақ, министр К. Мәсімовтан "ҚазМұнайГазды" Қазақстанның ЖЖМ нарығын толтыру үшін Ресейден Аи-92 сатып алуға міндеттейтін қаулыны жедел түрде қабылдауды сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны