09.04.2012, 12:55 4521

Қазақстанда жанармай бағасы тағы көтерілді

Қазақстан бензин бағасын әлемдік нарықтардағы құнына орай көтерді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жанармай бағасы тағы көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан бензин бағасын әлемдік нарықтардағы құнына орай көтерді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, баға қалыптастырудағы негізгі көрсеткіш болып табылатын Brent мұнайының түрі бір барреліне 124 АҚШ долларынан асып түсті.

"Ешкім де өнімді өзіне шығынмен тасымалдамайды. Мұнай трейдерлері оны тиімділік деңгейіне қарай жеткізеді",- деп атап өтті С. Мыңбаев. Оның айтуынша, бұл баға уақытша мерзімге бекітіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Мұнай және газ министрлігі ұсынған түзетулерді ескере отырып, шекті бағаларды белгілеу үшін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығымен ағымдағы жылғы 6 сәуірден бастап мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сатудың шекті бағалары ҚҚС-ті ескере отырып, мынандай өлшемде белгіленді:

Шекті бағалар:

Дизель отыны - литрі 95 теңге;

Аи-80 - литрі 91 теңге;

Аи -92 - литрі 112 теңге;

Бұл бұйрық Мұнай және газ министрлігімен, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген, деп хабарлайды ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны