13.11.2012, 12:19 3754

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады

Қазақстанда 2012 жылы қазан айында қыркүйек айымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ, 5,3% құрады, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Астана. 13-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2012 жылы қазан айында қыркүйек айымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ, 5,3% құрады, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, қазан айында жұмыссыздар саны 474,5 мың адамды құрады.

Ресми түрде алғанда 2012 жылдың қазан айының соңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің органдарында жұмыссыздар ретінде 53,9 мың адам тіркелген болатын. Тіркелген жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халықтың 0,6% құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны