09.01.2017, 15:41 4521

Қазақстандағы инфляция деӊгейі 2016 жылы 8,5% болды

2016 жылғы қорытындылар бойынша инфляция 8,5% деӊгейде қалыптасты, бұл тұтастай алғанда Ұлттық Банктіӊ бағалауына сәйкес келеді. Бұл туралы брифинг барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылғы қорытындылар бойынша инфляция 8,5% деӊгейде қалыптасты, бұл тұтастай алғанда Ұлттық Банктіӊ бағалауына сәйкес келеді. Бұл туралы брифинг барысында журналистерге Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚРҰБ басшысы "нысаналы бағдардыӊ аздап ұлғаюы 2016 жылғы 4-тоқсанда жекелеген тауарларға ұсыныстар тарапынан болған күйзелістерге байланысты, олар қысқа мерзімді сипатта болды" деп атап өтті. Ұлттық Банктіӊ бағалауы бойынша, 2017 жылғы 1-тоқсанда осы күйзелістердіӊ инфляциялық процестерге ықпалы азаятын болады. "Тұтастай алғанда, біз жылдық инфляцияныӊ одан әрі төмендеуін және 2017 жылғы қаӊтар-ақпанда жылдық инфляция бойынша нысаналы бағдарға (6-8%) қол жеткізуді күтеміз", - деп мәлімдеді Д. Ақышев.

Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі халықтыӊ инфляциялық күтулерді бағалау бойынша пікіртерімініӊ нәтижелерін растайды.

"2016 жылғы желтоқсанда инфляциялық күтулер қалыпты сипатта болуды жалғастырып отыр. Респонденттердіӊ 2016 жылғы желтоқсанда бағаны мереке алдынғы өсуі бойынша қауіптері ақталған жоқ, 2017 жылғы қаӊтарда олар инфляциялық процестердіӊ жедел өсуін күтпейді. Бұл ретте соӊғы 12 айда бағаныӊ өсуін күткен респонденттердіӊ үлесі, жаӊа жылда бағаныӊ ағымдағы өсу қарқынын күткендердіӊ есебінен аздап өсті", - деп хабарлады Ұлттық Банк басшысы.

Бұдан басқа, брифинг кезінде Д. Ақышев "халықтыӊ инфляцияны қабылдауы біртіндеп жақсарып келеді. Респонденттердіӊ көпшілігі өткен айда бағаныӊ қалыпты өсуін атап өтті",- деп хабарлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны