27.10.2016, 14:57 5504

Қазақстандағы мыс өндіруші топта шамамен 12 000 адам жұмыс істейді

Топта шамамен 12 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.

Алматы. 27 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 9 айында KAZ Minerals Тобы өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда өндіріс көлемін 66%-ға арттырып, катод эквивалентіндегі 97,1 мыӊ тонна мыс өндірген, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Үшінші тоқсанда 44,5 мыӊ тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 43%-ға арттық. Компания Бозшакөл (Павлодар облысы) және Ақтоғай (ШҚО) сияқты жақында іске қосылған ірі жобаларда өндіріс көлемін арттыруды жалғастырып келеді. Бұл 2016 жылдыӊ соӊына қарай компания жоспарлаған 130-155 мыӊ тонна аралығындағы катод эквивалентіндегі мыс көлеміне (2015 жылы Топ 81,1 мыӊ тонна өндірген) қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жалпы нәтижелер

Шығыстүстімет (ШҚО) пен Бозымшақ КБК (Қырғызстан) кәсіпорындарында үшінші тоқсанда 21 мыӊ тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Ол 2016 жылдыӊ екінші тоқсанымен салыстырғанда 7% артық. Жалпы 9 айда катодты эквиваленттегі мыстыӊ өндіріс көлемі 60,4 мыӊ тоннаны құрады (2015 жылдыӊ 9 айында 58,4 мыӊ тонна).

Үшінші тоқсанда Бозшакөлде катодты эквиваленттегі 16,9 мыӊ тонна мыс өндірілген. Екінші тоқсанмен салыстырғанда (7,5 мыӊ тонна) компания өндірісті екі есе арттырған. Бұған негізгі кен байыту фабрикасыныӊ өткізу мүмкіндігініӊ тұрақты артуыныӊ арқасында қол жетті.

Ақтоғайдағы тотыққан кенді өӊдеу кешеніндегі катодты мыстыӊ өндіріс көлемі 6,6 мыӊ тоннаны құрады. Екінші тоқсанмен салыстырғанда өсім 69% болды.

KAZ Minerals Тобы 9 айда 90,5 мыӊ тонна концентраттағы мыс өндірді (2015 жылдыӊ осындай кезеӊінде 66,5 мыӊ тонна). Өндірілген кенніӊ көлемі 35,8 млн тоннаны құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 6,5 млн тоннан болған. Бозшакөл мен Ақтоғайдағы ашық тәсілмен кеӊ ауқымды өндіру жұмыстары елеулі өсімге ықпал етті. 2016 жылдағы кенніӊ құрамындағы мыстыӊ орташа үлесі - 0,66%.

Ілеспе өнімдер

Тоғыз ай ішінде KAZ Minerals 56,2 мыӊ тонна концентраттағы мырыш өндіріп шығарды. Ол өткен жылдыӊ сондай кезеӊінен 23% кем. Бұл, күтілгендей, Артемьев шахтасы кенініӊ құрамындағы мырыш үлесініӊ азаюына (мұнда кен өндірісі екі кен денесініӊ арасындағы өтпелі учаскеде жүріп жатыр) және оқпандағы техникалық қызмет көрсету жұмыстары салдарынан Орлов шахтасыныӊ 6 күндік жұмыс кестесіне ауысуына байланысты болды. Топ Орлов кенішінде екі жыл бойы жүретін жөндеу жұмыстарына және Юбилейно-Снегирихин шахтасынан уақытша кен жеткізудіӊ тоқтауы салдарынан Николаев кен байыту фабрикасындағы кен өӊдеу жұмыстарыныӊ шегерілуіне байланысты концентраттағы мырыш өндірісініӊ одан әрі азаюын күтіп отыр. Дегенмен қазіргі өндіріс қарқыны Шығыс аймақтағы бұған дейін жоспарланған 70-75 мыӊ тонна аралығындағы көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.

2016 жылдыӊ 9 айында Топ 2015 жылдыӊ осындай кезеӊіндегі 28,2 мыӊ унциямен салыстырғанда, 80 мыӊ унция құйма эквивалентіндегі алтын өндірді. Оныӊ ішінде Бозшакөлде өндірілгені 34 мыӊ унция. Шығыс аймақтыӊ кәсіпорындарында және Бозымшақта 46 мыӊ унция құйма эквивалентіндегі алтын өндірілген. Бұл былтырғы жылдыӊ 9 айымен салыстырғанда 63% артық. Шығыстүстімет пен Бозымшақтыӊ жоспарларында - жыл соӊына қарай 45-55 мыӊ унция аралығыныӊ жоғары шегіне қол жеткізу. Жалпы алғанда Топ бойынша құйма эквиваленттегі алтын өндірісі, бұрын хабарланғандай, 90-120 мыӊ унция көлемінде болады деп жоспарланған.

Құйма түріндегі күміс өндірісініӊ көлемі 9 айда 2,24 млн унцияны құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,45 млн унция болған. Азаю Шығыстүстімет кәсіпорындарыныӊ күмістіӊ құрамы кем учаскелерге ауысуына, Николаев КБФ-на Юбилейно-Снегирихин кенішінен кен жеткізудегі ақауларға байланысты болды. Шығыстүстімет кәсіпорындарыныӊ кеніндегі күміс үлесініӊ азаюы күтілген деӊгейден аз болып, жыл қорытындысы бойынша құйма эквивалентіндегі 2,5-2,75 млн унция күміс аралығыныӊ жоғарғы шегініӊ артуы болады деп жоспарланған.

Бозшакөл

Павлодар облысында орналасқан Бозшакөл КБК өндіріс көлемін артырып келеді. Үшінші тоқсанда Бозшакөлде 17,5 мыӊ тонна концентраттағы мыс өндіріліп, екінші тоқсанмен (1,1 мыӊ тонна) салыстырғанда 84% артқан.

Үшінші тоқсанда сульфидті кен өӊдеу жөніндегі фабриканыӊ өткізу мүмкіндігініӊ өсуі жалғасты. Топтыӊ бухгалетрлік есеп саясатына сәйкес жобалық өткізу мүмкіндігініӊ 60% немесе одан жоғары деӊгейі үш ай бойы жалғасқандықтан Бозшакөл КБФ бүгіннен бастап (2016 жылғы 27 қазан) коммерциялық өндіріс деӊгейіне жетті жарияланады. Қазан айында фабрика жоспарлы іске қосу-баптау жұмыстарына байланысты 36 сағатқа тоқтаған, қараша айында жартылай өздігінен ұсақтау диірменініӊ ішкі қаптамасы ауыстырылады. Бұл 5 күнге созылуы мүмкін.

29 қыркүйекте KAZ Minerals Тобы каолин балшығы бар кендерді өӊдеу фабрикасыныӊ құрылысын аяқтап, онда уске қосу-реттеу жұмыстарын бастады. Өндіріс қуаты 5 млн тоннаны құрайтын жаӊа кәсіпорынныӊ іске қосылысымен Бозшакөлдегі жылдық кен өӊдеу көлемі 30 млн тоннаны құрайды. Жаӊа фабрикадағы каолин балшығы бар кеннен тауарлы мыс концентратын өндіру 2016 жылдыӊ 4 тоқсанында басталады деп күтілуде. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Бозшакөлде 17,2 млн тонна каолин балшығы бар кен одан әрі өӊдеу үшін қоймаға жиналған.

2016 жылдыӊ соӊына қарай Бозшакөлде 45-65 мыӊ тонна катодты эквиваленттегі мыс және 50-60 мыӊ унция құйма эквивалентіндегі алтын өндіріп шығару жоспарланып отыр.

Бозшакөл КБК-да мыс концентратыныӊ өндірісі 2016 жылдыӊ ақпан айында басталған болатын. Пайдалану мерзімі - 40 жылдан астам. Бастапқы он жыл ішінде Бозшакөл жылына 100 мыӊ тонна катодты эквиваленттегі мыс пен жылына 120 мыӊ унция көлемінде алтын өндіреді.

Ақтоғай

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай КБК үшінші тоқсанда тотыққан кеннен 6,6 мыӊ тонна катодты мыс өндіріліп, 69% артқан (екінші тоқсанда 3,9 мыӊ тонна). Компания тотыққан кен өндірісін 6% азайтқан (4,1 млн тонна). Себебі бірінші жарты жылда шоғырлы сілтісіздендіру алаӊдарына қажетті көлемде кен жеткізілген. Жылдыӊ соӊына қарай Ақтоғайда 15 мыӊ тонна катодты мыс өндіру күтіледі.

Тоғыз айда Ақтоғайда 12,7 млн тонна кен өндірілді. Кендегі мыстыӊ орташа үлесі - 0,4%.

Сульфидті кенді өӊдейтін негізгі фабриканыӊ құрылысы 2017 жылдыӊ бірінші жартысында аяқталып, тотыққан кенніӊ астында орналасқан сульфидті кенді өӊдеу де 2017 жылы басталады.

Тотыққан кенді өндіріп шығару әрі өӊдеу 11 жыл бойы жүргізіледі. Ақтоғай КБК пайдалану мерзімі - 50 жыл. Бастапқы он жылда өндіріс көлемі жылына сульфидті кен учаскелерінен 90 мыӊ тонна мысты құрайтын болады және тотыққан кен учаскелерінен жылына өндірілуі 15 мыӊ тонна катодты мысты құрайтын болады.

KAZ Minerals Тобыныӊ басқарма төрағасы Олег Новачук былай деді: "KAZ Minerals Тобы саладағы өндіріс өсімініӊ үздік қарқынын көрсетіп келеді. Тоғыз айда біз өндірісті 66% арттырдық. Біздіӊ алғашқы өркендеу жобамыз - Бозшакөлдегі үдерісті ескере отырып, Бозшакөл КБФ коммерциялық өндіріске жеткенін жариялаймыз. Сонымен қатар біз Ақтоғайдағы сульфидті кен байыту фабрикасыныӊ құрлысында айтарлықтай нәтижеге жеттік. Ол 2017 жылы өндіріс қарқыныныӊ артуын қамтамасыз етеді".

КAZ Minerals - Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялқ іс-қызметін Шығыс Қазақстанда орналасқан төрт кеніші мен үш кен байыту фабрикаcында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде, Бозшакөл және Ақтоғай кен байыту кешендерінде жүргізеді. 2015 жылы Шығыс Қазақстан мен Бозымшақтағы катодты мыстыӊ жалпы өндіріс көлемі 81 мыӊ тоннаны құрады. Ілеспе өнім ретінде 94 мыӊ тонна концентраттағы мырыш, түйіршік түріндегі 3,14 млн. унция күміс пен құйма түріндегі 35 мыӊ унция алтын өндірілді.

2016 жылдыӊ ақпан айында Топ Павлодар облысында орналасқан ашық типтегі ірі ауқымды кеніш - Бозшакөл кен байыту кешенін іске қосты. Компанияныӊ екінші өркендеу жобасы - Шығыс Қазақстандағы Ақтоғайда сульфидті кенді қайта өӊдеу учаскесініӊ құрылысы жалғасуда. Аталмыш жобалар осы саладағы еӊ қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорыныӊ басым бөлігі әлемдік деӊгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырмақ.

Павлодар облысында орналасқан Бозшакөл КБК кен байыту фабрикаларыныӊ жылдық жобалық қуаты 30 млн тонна кенді құрайды. Кен орнынныӊ пайдалану мерзімі - 40 жылдан астам. Кендегі мыс құрамы 0,36%. Операциялық шығындар бойынша Бозшакөл халықаралық мыс өндіруші жобалар арасында бірінші квартильге кіреді. Өндіріс көлемі - алғашқы 10 жылда катодты эквивалентегі 100 мыӊ тонна мысты және 120 мыӊ унция концентраттағы алтынды құрайды.

Ақтоғайда тотыққан кеннен катодты мыс өндіру 2015 жылдыӊ желтоқсан айында басталды, ал сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру 2017 жылы басталады. Сульфидті кенді қайта өӊдеу жөніндегі жылдық қуаты - 25 млн тонна. Мыс мөлшері 0,33% (сульфидті кен) және 0,37% (тотыққан кен). Кен орынды пайдалану мерзімі - 50 жылдан астам. Ақтоғай кен орныныӊ операциялық шығындары халықаралық мыс өндіруші жобаларыныӊ арасында бәсеке қабілетті болып табылады. Өндіріс көлемі - алғашқы 10 жылда сульфидті кен учаскесінен өндірілетін 90 мыӊ тонна катодты эквивалентегі мысты және тотыққан кен учаскесінен өндірілетін 15 мыӊ тонна катодты эквивалентегі мысты құрайды.

KAZ Minerals PLC компаниясыныӊ құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда. Топта шамамен 12 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны