10.07.2007, 15:29 2916

Қазақстандық инвесторлар Қырғызстан экономикасына қаржы жұмсауға дайын - Қайрат Келімбетов

БІШКЕК. 10-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық инвесторлар Қырғызстан экономикасына қаржы жұмсауға бекем дайын. Бұл туралы бүгін "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқармаларының басшысы Қайрат Келімбетов Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі презитденттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық инвесторлар Қырғызстан экономикасына қаржы жұмсауға бекем дайын және бұл бағытта нақты жобалар жүзеге асырылады", - деп мәлімдеді Қ. Келімбетов.

Өз кезегінде Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 11-шілдеге белгіленген "Қырғызстан - Қазақстан" бизнес форумы бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың бастамасы екенін атап өтті.

Кездесуде Қырғызстан экономикасына қаржы тартуды көздейтін қазақ-қырғыз инвестицичлық қорын құру мәселесі талқыланды.

"Бірлескен қорды құру арқылы Қырғызстанда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға нақты мүмкіндіктер туындамақ", - деді Қ. Бакиев. "Мен біздің арамыздағы уағдаластықты жүзеге асыру бағытындағы нақты қадамдары үшін Нұрсұлтан Ибішұлына ризашылығымды білдіремін, біз экономикалық өсімді жылдық 8 - 9% деңгейінде сақтап қалатындығымызға сенеміз", - деді ол.

Қырғызстан президенті "Қазына" АҚ-ның құрылымдық бөлімшесінің Қызыл-Кий цемент зауытының құрылысына банк кепілдігін беру жөніндегі шешіміне қанағаттанғандық білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны