05.07.2008, 16:39 3166

Қазақстандық инвесторлар Мәскеуде океанариум құрылысын салуға атсалысады - Лужков

Қазақстандық инвесторлар Мәскеуде океанариум құрылысын салуға атсалысады - Лужков

Астана. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық инвесторлар Мәскеуде океанариум құрылысын салуға атсалысады. Бұл туралы Мәскеу мэрі Юрий Лужков журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

"Қазақстан дүниежүзіндегі ең ауқымды океанариум құру жобасын қаржыландыруға қатысады", -деді Ю. Лужков.

Ол Қазақстандық инвесторлар сонымен бірге Ресей астанасында тұрғын үй құрылысын да қаржыландырып отырғанын жеткізді. "Қазақстанның экономикалық және қаржылық әлеуеті артқан сайын бұл көлем ұлғая түседі деп ойлаймын. Былтыр бізде шетелдік инвестициялар көлемі $75 млрд болды, оның $25 млрд - Мәскеу экономикасының нақты секторына жұмсалды", - деді Ю. Лужков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны