05.10.2012, 12:34 3493

Қазақстандық компаниялар Түркіменстанға дәрі-дәрмектер жеткізетін болады

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі "KAZNEX INVEST" агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - "DOSFARM" отандық компаниясы өз өнімін Түркменстан нарығына шығару жөнінде келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі "KAZNEX INVEST" агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Dosfarm" ЖШС 15 атаулы дәрі-дәрмекті жабдықтау туралы келіссөздер жүргізуде. Компания қазір оларды тіркеу үшін қажетті құжаттарды дайындауда. Содан кейін Түркменстанның денсаулық сақтау министрлігі оларды сатып алады. Өз өнімін шетел нарығына шығару үшін фармацевтикалық компания республиканың денсаулық сақтау министрінен өзге, Түркменстанның мемлекеттік дәрі-дәрмекті тіркеу орталығы және Бас фармацевтикалық қауымдастығымен кездесулер өткізді.

"Қазақстанда жасалған медициналық дәрі-дәрмекті алуға түркмендік ірі фармацевтикалық делдал-компания "ENEM" де қызығушылық танытып отыр. "Dosfarm" ЖШС Түркменстан нарығында тіркеуден өткеннен соң, делдал-компанияға дәрі-дәрмек жабдықтаудың талаптары талқыланады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны