12.05.2008, 13:47 1404

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс науқанына арналған жанар-жағармайдың үштен бір бөлігін ғана жіберу қалды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс науқанына арналған жанар-жағармайдың үштен бір бөлігін ғана жіберу қалды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс науқанына арналған жанар-жағармайдың үштен бір бөлігін ғана жіберу қалды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен 225 мың 800 тоннасы жіберілді, сөйтіп, мұнай өңдеу зауыттары мамырдың аяғына дейін тұқым себу науқанына арнап тағы 104 мың тонна дизельдік отын жіберуге тиіс", - деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, кепілді көлем 330 мың тоннаны құрайды.

"Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері оның 70% үшін ақы төледі", -деді ол.

"Ал облыстар бойынша ақысы төленбеген қалдыққа келсек, ол 29 мың 800 тоннаны, соның ішінде Ақмола облысы 11 мың 500 тонна, Ақтөбе облысы - 1980 тонна, Шығыс Қазақстан облысы - 5400 тонна, Оңтүстік Қазақстан облысы - 490 тонна, Батыс Қазақстан облысы - 2360 тонна, Қызылорда облысы - 4000 тонна және Павлодар облысы - 4000 тоннасы үшін ақы төлеген жоқ", -деді министр.

"Оңтүстік облыстарда агротехникалық мерзімге сай тұқым себу науқаны 20 мамырда аяқталатынын ескерсек, дизельдік отынның қалған бөлігі оларға таяу күндерде қажет болмақ", - деді министр.

Өз кезегінде еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев жанар-жағармай жеткізу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын растады. "Расында да наурыз бен сәуірдің жоспары орындалды, мамырдың 20 жұлдызына дейін жанармай толық жеткізіледі және бұл жұмыс кесте бойынша жүргізілуде", - деді ол. "Екі шаруа қожалығы аз көлемнен бас тартты, олар келісім-шартына қол қоя тұра, бағасын уақытында төлеуден бас тартты. Біз бұл көлемнің орнын толтыруға келістік, ахуалдан шығудың дұрыс шешімі табылды деп ойлаймын", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны