01.06.2011, 16:18 3180

Қазақстандық өндірушілердің өнім бағасы мамыр айында 5,7 пайызға өскен

"Мамыр айында сәуірмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,7%-ға өсті",- деп хабарлады Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен.

Астана. 1 - маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандық өндірушілердің өнім бағасы мамыр айында 5,7 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мамыр айында сәуірмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,7%-ға өсті",- деп хабарлады Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен.

Агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, өндірілген өнім 6,1%, өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,9%-ға қымбаттады. Бағаның жоғарылауы кен өндіру өнеркәсібінде 7,8%, өңдеу өнеркәсібінде - 1,9%-ға байқалды. Өткен айда бағаның сұйытылған пропан пен бутанға 10%, мұнайға - 9,4%, газ конденсатына - 6,6%, отындық мазутқа - 5,9%, табиғи газға - 4,1%, дизельдік отынға - 3,6%-ға жоғарылауы, металл кендеріне - 1,5%, бензинге - 0,4%-ға олардың төмендеуі тіркелді.

Бір айда қымбат металдардың бағасы 13,2%, алюминий бағасы - 5,9%, ферроқорытпалар бағасы - 3%, қара металдар илегінің бағасы - 2,3%-ға көтерілген, қорғасын бағасы - 15,5%, мырыш бағасы - 4,9%, мыс бағасы - 0,8%-ға төмендеген.

Жармалар 9,9%, қант - 4,2%, маргарин - 2,1%, өсімдік майы - 1,6%, сүт өнімдері - 1,3%, нан - 1%, қара бидай ұны - 0,5%-ға қымбаттады, құс еті - 0,6%, мал еті - 0,2%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны