11.11.2016, 10:25 3395

Қазақстандық зауыт радиобайланыс құралдарын өндіруді жоспарлауда

Келісім аясында Қазақстан Республикасында радиостанциялардыӊ түрлі үлгілерін шығару өндірісі ұйымдастырылады, ірі бөлшектерді жинақтау кезеӊінен бастап электрондық платоларды құрастыруға дейінгі жоғары технологиялық өндіріс деӊгейінде жүзеге асады.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қорғаныс саласында электронды-оптикалық өнімдерді шығаратын қазақстандық зауыт ("КАЕ" ЖШС-і) және "ASELSAN" түрік компаниясы, АРС025 стандартты радиобайланыс кәсіби құралдарын Қазақстан Республикасында өндіру бойынша технологиялар трансферті туралы келісті, деп хабарлайды "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Аталған келісім Астана қаласында 2016 жылдыӊ 10 қараша айында бекітілді. Құжатқа Қазақстан тарапынан "КАЕ" ЖШС бас директоры Тарык Зия Кабоглу, Түркия тарапынан "ASELSAN" компаниясы вице-президенті Байыз Явуз қол қойды.

Келісім "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ыдырысовтыӊ қатысуымен қол қойылды, өз кезегінде Басқарма төрағасы жобаныӊ өзектілігі - ақпараттық қауіпсіздік деӊгейініӊ қазіргі заман талаптарына орай жоспарланып отырғандығында екендігін атап өтті.

"Біздіӊ келісіміміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойын атап өту аясында қол қойылғандығы қуантады. Бұл іс-шара отандық кәсіпорын "КАЕ" ЖШС үшін маӊызды оқиға, сонымен қатар өндірістіӊ әртараптануына және қазақстандық үлестіӊ дамуына әсер етеді",- деді өз кезегінде Басқарма төрағасы.

Келісім аясында Қазақстан Республикасында радиостанциялардыӊ түрлі үлгілерін шығару өндірісі ұйымдастырылады, ірі бөлшектерді жинақтау кезеӊінен бастап электрондық платоларды құрастыруға дейінгі жоғары технологиялық өндіріс деӊгейінде жүзеге асады.

Бұл өнімдер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін және арнайы мемлекеттік органдарын тиімді және қауіпсіз байланыспен қамтамасыз ететін болады.

Алғашқы радиостанциялар 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында шығарылады деп жоспарланған.

"КАЕ" ЖШС - "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ 50% қатысу үлесімен құрылған еншілес компания болып табылады, 49% "ASELSAN" түрік компаниясыныӊ, 1% - Түркияныӊ Қорғаныс өнеркәсібі Комитетініӊ иелігінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны