16.03.2016, 12:42 4328

Қазақстандықтар көбіне теӊгемен депозит ашуды таӊдай бастады - ҚР Ұлттық Банкі

Қазақстандықтар көбіне теӊгемен депозит ашуды таӊдай бастады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкініӊ төрағасы Данияр Ақышев Ақтөбе қаласына жұмыс сапары барысында айтты

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар көбіне теӊгемен депозит ашуды таӊдай бастады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкініӊ төрағасы Данияр Ақышев Ақтөбе қаласына жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ақпанныӊ қорытындысы бойынша, ұлттық валютадағы депозиттер 300 млрд теӊгеге өскен. 2016 жылғы наурызда халықтыӊ теӊгедегі депозиттерініӊ өсуі бұдан жоғары болады деп күтеміз", - деді Д.Ақышев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, депозиттердіӊ валюталық құрылымын өзгерту таяу болашақта теӊгемен несиелеудіӊ көлемін арттырады.

Айта кету керек, Ұлттық Банк 1 ақпаннан бастап ұлттық валютамен жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша сыйақыныӊ еӊ жоғары мөлшерлемесін 10%-дан 14%-ға дейін көтеріп, ал шетел валютасымен депозиттер бойынша 3%-дан 2%-ға дейін төмендетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны