11.06.2009, 13:34 1697

Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы транзитті тасымалданатын жүк көлемі 2009 жылдың 4 айында 45,7%-ға азайды

Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы транзитті тасымалданатын жүк көлемі 2009 жылдың 4 айында 45,7%-ға азайды

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы транзитті тасымалданатын жүк көлемі 2009 жылдың 4 айында 45,7%-ға азайды. Бұл туралы бүгін "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы директоры Иділ Ысқақов жүк жіберуші және экспедиторлық компаниялардың өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы транзитті тасымалданатын экспорттық жүк көлемі 2008 жылы 18 млн тоннаны құрады. Өсім 2007 жылғымен салыстырғанда 4,7%. Ал 2009 жылдың 4 айында бұл бағыттағы көлем 45,7%-ға азайды, яғни, шамамен екі есе төмендеп отыр",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны