13.02.2007, 15:06 3151

Қазақстанның 2006 жылғы мемлекеттік қарызы 440,9 млрд теңгеге өскен - қаржы министрлігі

АСТАНА. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанның 2006 жылғы мемлекеттік қарызы 440,9 млрд теңгеге өсіп, 2007 жылдың 1-қаңтарында 1 трлн 145,9 млрд теңгені (9 млрд АҚШ доллары) құрады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында сөз алған қаржы министрі Наталья Коржова хабарлады.

Министрдің ақпараттарына сүйенсек, мемлекеттік қарыздың өсуі "негізінен 2006 жылдың төртінші тоқсанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қарызының өсуі есебінен" болып отыр.

Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, "мемлекеттік қарыз қоржынындағы ішкі және сыртқы қарыздар арақатынасы тиісінше 62 пайыз және 38 пайызды құрайды".

"Есеп беру жылында Халықаралық қайта құру және даму банкінің 65,7 млн АҚШ доллары көлеміндегі қымбатқа түсетін несиелері мерізімінен бұрын өтелді", деп мәлім етті министр. Н. Коржова "сыртқы қарыздарды мерізімінен бұрын өтеудің экономикалық тиімділігі үкіметтік қарыздарының шығындарын төмендетуде (келешекте) болып табылатындығын және ол шамамен 226 млн АҚШ долларын құрайтындығын" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны