01.06.2009, 13:43 1439

Қазақстанның 47 ұшағын 2010 жылдың наурызынан бастап пайдалануға рұқсат берілмейді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі (толықтырылған)

Қазақстанның 47 ұшағын 2010 жылдың наурызынан бастап пайдалануға рұқсат берілмейді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі (толықтырылған)

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанның 47 ұшағын 2010 жылдың наурызынан бастап пайдалануға рұқсат берілмейді. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен "үкіметтік" сағатта ҚР көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2010 жылдың наурызынан бастап Қазақстанның - АН-24, ЯК-40, ТУ-134 маркалы 47 ұшағын пайдалануға рұқсат берілмейді, олар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай келмейді", - деді И. Құсайынов.

Оның хабарлауынша, "өңірлік 10-15 ұшақ сатып алу үшін қажетті инвестиция көлемі 42 млрд теңгеге тең".

ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің хабарлағанындай, Қазақстандағы әуетасымалының 85%-ы батыста шығарылған ұшақтармен жүзеге асырылады.

"Қазақстанда бүгінгі жағдаймен батыста шығарылған 23 заманауи ұшақ пайдаланылуда, олармен әуе тасымалының 85%-ы іске асырылады", - деді И. Құсайынов.

Министрдің айтуынша, өткен жылы еліміздің ұшақтар паркі Боинг және Эйрбас компанияларының 5 ұшағымен толықса, 2010 жылы "Эйр Астана" компаниясы өңірлік рейстер үшін екі жаңа буын ұшақтарын сатып алуды жоспарлауда.

"Дегенмен, қазіргі жағдаймен ұшақтарды жаңғырту қарқыны төмен. Сәуірде Еуропалық комиссия қара тізімге Қазақстанның алты компаниясын қосты, оларға Еуропалық Одақтың әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынған, өйткені ол қазіргі заманғы техникалық стандарттарға сай келмейді", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны