25.06.2009, 15:28 2747

Қазақстанның барлық баламалы нарықтар бойынша жұмысы газға таңдаулы баға алуға мүмкіндік береді - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі

Қазақстанның барлық баламалы нарықтар бойынша жұмысы газға таңдаулы баға алуға мүмкіндік береді - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның барлық баламалы нарықтар бойынша жұмысы газға таңдаулы баға алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумында ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Исет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстанның Қытай нарығына шығу және ішкі тұтыным секілді барлық болуы мүмкін балама мүмкіндіктері іздестіруі газға таңдаулы баға алу ағымын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді ", - деді И. Мағауов.

"Ал жаңа бағыттарға келсек, олар біздің бұрынғы ескі бағыттардан бас тартатындығымызды білдірмейді", - деді вице-министр.

"Біз Ресей Федерациясымен ұзақ мерзімді қарым-қатынастамыз, біздің өнімдеріміздің басым бөлігі Ресей арқылы өтеді", - деді ол.

"Қазақстан үшін барлық бағыттарды таңдауда экономикалық тартымдылық бірінші орында", - деді И. Мағауов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны