31.10.2007, 13:44 3262

Қазақстанның энергетикалық станцияларына көмір жіберетін вагондардың жеткіліксіздігі проблемасын шешу үшін оперативтік штаб құру қажет - Мыңбаев

Қазақстанның энергетикалық станцияларына көмір жіберетін вагондардың жеткіліксіздігі проблемасын шешу үшін оперативтік штаб құру қажет - Мыңбаев

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың пайымдауынша, Қазақстанның энергетикалық станцияларына көмір жіберетін вагондардың жеткіліксіздігі проблемасын шешу үшін оперативтік штаб құру қажет. Министр бүгін Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазіргі ең өзекті мәселе - вагондар тапшылығы, біз бұл тауқыметті алқа мәжілісі деңгейінде шеше алмаймыз, оны тек Көлік және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Теміржолымен бірлесе шешуге болады", - деді С. Мыңбаев.

"Сол себепті бұл мәселені үкіметтік деңгейге шығару қажет, сонда ғана біз Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып, осы кезеңде солтүстіктегі станциялар мен Алматыдағы станцияларды қамтамасыз ету жөніндегі штаб секілді дүние құра аламыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны