16.03.2016, 15:17 4558

Қазақстанныӊ ішкі нарығындағы ет бағасы қымбаттамайды - А.Мамытбеков

Қазіргі уақытта еліміздіӊ ішкі нарығында ет бағасы шетелдегіге қарағанда үш есе арзан, деп мәлімдеді Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта еліміздіӊ ішкі нарығында ет бағасы шетелдегіге қарағанда үш есе арзан, деп мәлімдеді Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ішкі тұтынуға арналған еттіӊ бағасы қымбаттамайды, алайда мал шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту есебінен делдалдар маржасы төмендейді", - деді ол тілшілерге Қазақстанныӊ ет және ет өӊдеу өнеркәсібініӊ "KazMeat Astana 2016" I-ші Халықаралық форумы барысында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оған қоса,ауыл шаруашылығы министрлігініӊ басшысы қазақстандық ет бағасы ішкі нарықта шетелдік нарықтарға қарағанда, атап айтқанда Израиль мен Қытайға қарағанда үш есе арзан екенін айтып өтті.

"ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанныӊ ет бойынша зор әлеуетін айтып өтті. Біздіӊ елімізде осы бағытта басымдықтар, әсіресе жалпы аумағы 180 млн га болатын жайылым жерлер бар", - деп баса айтты министр.

Еліміздіӊ аграрлық ведомствосыныӊ мәліметінше, бүгінде ІҚМ басы 6,1 млн басты құрайды, 2001 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге, ҰҚМ басы - 17,8 млн бас (1,7 есеге), жылқы - шамамен 2 млн бас (2 есеге) көбейді.

Айта кетер болсақ, "KazMeatAstana 2016" форумы Қазақстанныӊ ет өнімдерін өӊдеу және қайта өӊдеу өндірісініӊ өкілдеріне халықаралық компаниялардыӊ заманауи техниканы пайдалану арқылы өнімді экспорттауды ұйымдастыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Астанадағы "КazMeatAstana-2016" халықаралық форумына 14 елден 300-ге тарта қатысушы келген. Олардыӊ ішінде Қытай, Канада, Италия, Жаӊа Зеландия, Түркия елдерініӊ өкілдері бар.

Форум тәжірибе алмасумен қатар, Қазақстанныӊ азық-түлік өнімдерін халықаралық нарыққа шығарып, елімізді етті экспорттайтын мемлекеттер арасында танымалдылығын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Өткізілген форум шеӊберінде В2В форматында қазақстандық және шетелдіӊ ірі компания өкілдері арасында іскерлік келіссөздер өтіп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастық және өндірістегі инвестиция тақырыбын талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны