26.07.2016, 19:05 5762

Қазақстанныӊ ішкі нарығындағы сұйылтылған мұнай газыныӊ шекті көтерме бағасы тоннасына 23 мыӊ теӊге болып белгіленді - Энергетика министрлігі

Қазақстанда 2016 жылдыӊ 30 қыркүйегіне дейінгі кезеӊде сұйылтылған мұнай газыныӊ ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасы тоннасына 23И106,45 теӊге болып белгіленді, деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметі.

Астана. 26 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2016 жылдыӊ 30 қыркүйегіне дейінгі кезеӊде сұйылтылған мұнай газыныӊ ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасы тоннасына 23 106,45 теӊге болып белгіленді, деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметі.

Cоӊғы кездері Қазақстан Республикасыныӊ жеке аймақтарында сұйытылған мұнай газыныӊ тапшылығы орын алуда.

Бұл мәселе ағымдағы жылы 19 мамырда және 22 маусымда ҚР Премьер-Министрініӊ төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырыстарында қарастырылды. 2016 жылы 19 мамырдағы ведомствоаралық комиссия отырысыныӊ қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігі, "Kazеnergy" қауымдастығы, "Атамекен" ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "ҚазМұнайГаз" АҚ және "ҚазТрансГаз" АҚ өкілдерініӊ қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құрды.

Көрші елдердегі сұйылтылған мұнай газыныӊ көтерме бағасы (Ресейде тоннасы 59 019 теӊге, Тәжікстанда тоннасы 104 864 теӊге) жоғары болғандықтан, жанар-жағар май сол жаққа өтетіні анықталды. Өйткені жеткізушілер үшін осы елдерде өнімін сату тиімдірек.

Сонымен қатар, бұрынғы көтерме бағасы бір тонна үшін 11 034 теӊге болғанда ағымдағы жылы сұйылтылған газ өндіруші зауыттар шығынға ұшыраған. Сонымен қатар әлемдік нарықтағы газ бағасыныӊ өскенін ескеру керек. Осыған байланысты ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газы бағасын бекітудіӊ тиімді механизмі қабылданды. Соныӊ ішінде ҚР ішкі нарығы үшін өндіруші зауыттардан жеткізілетін газдыӊ көтерме бағасын көтеру шешімі қабылданды.

Шекті көтерме сату бағасын тоннасына 23 106,45 теӊгеге дейін ұлғайту көлік шығыстарыныӊ өзгермеуі және газ желілік ұйымдардыӊ шығыстары мен маржасын қысқарту есебінен, оныӊ ішінде газды қайта сату тізбегін қысқарту есебінен бөлшек сату бағасыныӊ елеулі көтерілуіне әкелмеуі мүмкін.

ҚР ҰЭМ ТМР және БҚК үстем компаниялар үшін бөлшек сату бағасын реттеу кезінде газды тікелей зауыттан сатып алу бағасын ескеру қажеттігін айтты. Бұл өз кезегінде біздіӊ пікірімізше, соӊғы бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министрлік жүргізген талдау бойынша 2013 жылы тоннасына 32 643 теӊге шекті көтерме баға кезінде орташа бөлшек сату бағасы тоннасына 99 059-ды құраған. Орташа бөлшек сату бағасы тоннасына 84 404 теӊгені құрады.

Осылайша, шекті көтерме бағаны 32 643-тен 11 034 теӊгеге дейін төмендеткен кезде бөлшек сатылымда бағаныӊ мұндай төмендеуі байқалмады, бұл негізінен газ желілік ұйымдар арасындағы газды қайта сату мен тиісінше олар арасында келісімшарттар негізінде бөлшек баға қалыптастыруға байланысты.

Проблемаларды жою мақсатында газ желілік ұйымдар арасында газды қайта сатуға тыйымды көздейтін "Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР заӊына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер осы жылғы 1 шілдеде күшіне енді.

Икімдіктер мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне өӊірлерде әлеуметтік қысымды болдырмау мақсатында бұл мәселені бақылауда ұстауға ұсыныс берілгенін хабарлаймыз.

"Икімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне сәйкес газ желілік ұйымдар арасында газды көтерме өткізу фактілері анықталған жағдайда субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұдан басқа, бөлшек сату бағасын негізсіз өсірген фактілер анықталған жағдайда жеткізуші зауыттардан компания үшін газ тиеуді шектеу бойынша мәселе қаралатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны