28.11.2006, 13:19 3043

Қазақстанның Каспий транспорттық жүйесін құруға 1 млрд. 600 млн. теңге көлемінде қаржы қажет

АҚТАУ. 28-қараша. Kazakhstan Today. 2010-жылға дейін Қазақстанның Каспий транспорттық жүйесін құру межеленген. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 600 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның вице-президенті, батыс аймақтық өкілдігінің директоры Махамбет Батырбаев І Каспий инвестициялық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, жүйеге Ескене-Құрық мұнай құбыры мен мұнай құятын терминал, Каспий теңізімен танкерлермен Бакуге дейін және одан әрі Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен мұнай тасымалдау жолы енеді.

"Бұл жүйе Құрық айлағынан жыл сайын бастапқы кезеңде 25 млн. тонна мұнай тасымалдауға және келешекте оның көлемін жылына 38 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді",- деді М.Батырбаев.

Оның айтуынша, сондай-ақ, Құрық айлағында терминал салу үшін 700 млн. доллар жұмсалады. Ал танкерлерді жасауға - 400 млн. долларға жуқ қаржы бөлінеді. Бұған қоса Изербайжан аумағында терминал салу межеленген. Оның құны 570 млн. долларға жуық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны