20.07.2007, 14:25 2773

Қазақстанның қызыл кітабы монеталар сериясы "Жалбағай" атты жаңа тиындармен толықты

АЛМАТЫ. 20-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанның қызыл кітабы монеталар сериясы "Жалбағай" атты жаңа тиындармен толықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР Ұлттық банкінің хабарламасына сілтеме жасап.

2007-жылдың 20-шілдесінде "Барыс" ,"Сайғақ", "Арқар", "Дуадақ", "Ителгі" ,"Жайран" ,"Алтай ұлары" атты монеталардан тұратын Қазақстанның қызыл кітабы монеталар сериясы "Жалбағай" атты 50 және 500 теңгелік жаңа тиындармен толықты.

50 теңгелік монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "50" деген сан және оның үстінде "ТЕҢГЕ" деген жазу жазылған. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу айналдыра жазылған және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қамыс қопасының аясында жалбағайдың бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде "ЖАЛБАҒАЙ" және осы түрдің зоологиялық аты латын тілінде "PLATALEA LEUCORODIA" деген жазу жазылған. Оң жақ бөлігінде жасалған жылын білдіретін "2007" деген сан бар.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, салмағы - 11.17 грамм. Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген. Таралымы - 50 мың дана.

500 теңгелік монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында екі жолға жазылған және монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу, номиналдың үстінде монетаның жасалған жылын білдіретін "2007" деген сан бар. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу жазылған. Монетаның жоғарғы сол жақ бөлігінде айналдыра екі жолда ұлттық ою-өрнектің элементтері, оң жақ бөлігінде шеңбер бойынша монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 24 gr." деген жазу жазылған.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қамыс қопасының аясында жалбағайдың бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде "ЖАЛБАҒАЙ" және осы түрдің зоологиялық аты латын тілінде "PLATALEA LEUCORODIA" деген жазу жазылған.

Таралымы - 3 мың дана.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны