07.04.2018, 13:51 5046

Қазақстанныӊ оӊтүстік өӊірлерінде астық егу науқаны басталды

2018 жылғы көктемгі-егіс және астық жинау науқандарын өткізуге республикалық бюджет есебінен 60 млрд. теӊге бөлінген

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі тарапынан "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 2018 жылғы көктемгі-егіс және астық жинау науқандарын өткізуге республикалық бюджет есебінен 60 млрд. теӊге бөлінгені туралы "Аграрлы несие корпорация" АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев 2018 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырудыӊ негізгі кезеӊдері туралы Оӊтүстік Қазақстан облысында өткен ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында айтты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі, "ҚазАгро" Холдингі өкілдері астық егу және жинау науқандары кезінде фермерлерге көрсетілетін қажетті қолдаулар туралы толық ақпарат берді.

" ... желтоқсан айында қарызгерлерден алынған өтінімдерді қарастырып, қаӊтар айыныӊ соӊында қаржыландыруды бастадық. Корпорация тарапынан өтінімдерді қысқа мерзімде мақұлдау және қаржыландыру жылдамдығы фермерлерге ұрық, гербицид, құрал-жабдықтар және басқа қажетті тауарлар мен қызметтерді оӊтайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді", - деді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Н.Сарыбаев.

"ҚазАгро" Холдингініӊ еншілес компаниясы "Аграрлы несие корпорациясы" АШТӨ несиелендіруді үш бағыт бойынша жүзеге асырады: Несие серіктестері /НС/, екінші деӊгейлі банктер /ЕДБ/, соныӊ ішінде микроқаржылық ұйымдар /МҚҰ/, және тікелей несиелендіру. Несиелендіру мерзімдері - 2018 жылдыӊ желтоқсанына дейін. Соӊғы қарызгер үшін сыйақы көлемі - 6 пайызға дейін.

Қаржыландыруды үш жолмен жүзеге асыру көзделген:

НС - 10 млрд.теӊге, 2017 жылы бұл көрсеткіш 8,6 млрд. теӊге көлемінде;

ЕДБ - 22,0 млрд. теӊге, 2017 жылы - 21,3 млрд. теӊге;

тікелей несиелендіру - 28,0 млрд.теӊге, 2017 жылы 30 млрд. теӊге.

2018 жылдыӊ 4 сәуір жағдайы бойынша Корпорацияныӊ қарауына 2,6 млн га. жерді өӊдеуге 59 млрд. теӊге сомасына 1 776 өтінім түсті, оныӊ ішінен 1,4 млн га. жерді өӊдеуге 28 млрд.теӊге сомасына 441 АШТӨ өтінімдері қаржыландырылды. Сонымен қатар 12 млрд.теӊге сомасына 129 АШТӨ өтінімдері мақұлданды.

6,2 млрд.теӊге сомасына 161 АШТӨ өтінімдері қарастырылу үстінде. Өсудіӊ қарқынды динамикасы - өткен жылы осы мерзімде байқалады, 1460 АШТӨ өтінімдері келіп түсті. НС арқылы қаржыландыру жүйесінде де келіп түскен өтінімдер саныныӊ өскені байқалады - өтінімдер саны 2 еседен көп /НС арқылы АШТӨ өтінімдері бойынша өткен жылдыӊ көрсеткіштері - 294/.

Құжаттарды жинау кезеӊін ескере қаржылық құралдар қимасында жалпы өтінімдер пулы келесідей көріністе:

- 10,7 млрд.теӊге сомасына 647 НС соӊғы қарызгерлері;

- 1,5 млрд.теӊге сомасына 879 МҚҰ соӊғы қарызгерлері;

- 213 тікелей қарызгерлер - 34,4 млрд.теӊге сомасына;

- 34 ЕДБ -12,6 млрд.теӊге сомасына.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер өтінімдеріне сүйене басым сұранысқа ие дән-дақылдары: бидай, арпа, зығыр, рапс, күнбағыс екеніне көз жеткізілген.

"ҚазАгро" Холдингі құрамындағы "ҚазАгроҚаржы" бағдарламалары арқылы 2018 жылдыӊ 2 сәуіріне көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге ауыл шаруашылық техникасын лизингке алуға 775 өтінімдері келіп түсті. Бүгінгі күні 370 бірлік техникасына қаржылық лизинг келісім-шарттары жасалды.

Қазақстандық фермерлердіӊ тракторға деген сұранысы өте жоғары, лизингке алуға өтінімдердіӊ жалпы саны 469-ға жетті. 237 өтінім бойынша трактор алу қаржылық лизинг шарттары жасалғанын атап өткен жөн.

Қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ "Сенімді фермер" жаӊа бағдарламасын іске қосуда - "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы қаржыландырылған клиенттердіӊ ауыл шаруашылық техникасын лизингке аванстық төлемсіз алуына мүмкіндігі бар және "Өз жемшөбіміз" - 10 жыл мерзімге дейін жемшөп дайындау және жемшөп жинау техникаларын аванстық төлемі 10 пайыздық жеӊілдікпен алуына болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны