22.06.2012, 14:36 13640

Қазан айында Қостанай облысында 1 250 бас сауын ІҚМ ұстауға шамаланған ірі-тауарлы сүт фермасының екінші жіберілетін кешені іске қосылатын болады

Баспасөз қызметі ескеріп өткендей, бұл жоба үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИ МБ) шеңберінде іске асырылып, Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына енгізілген.

Қостанай. 22-маусым. Kazakhstan Today - Қазан айында Қостанай облысында 1 250 бас сауын ІҚМ ұстауға шамаланған ірі-тауарлы сүт фермасының екінші жіберілетін кешені іске қосылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі ескеріп өткендей, бұл жоба үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИ МБ) шеңберінде іске асырылып, Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына енгізілген.

"Аймақтың АӨК үшін маңызды жобаның бірінші кезеңі өткен жылдың соңына қарай аяқталған болатын, осы кезде "ҚазАгроҚаржы" компаниясымен бөлінген қаражатқа жаңа заман сиыр қорасы, сауу залы тұрғызылып, қажетті техника мен жабдықтар (Agralis GmbH (Германия) компаниясынан сатылып алынған "Карусель" үлгісінің сауу қондырғысын бірге қосқанда) сатылып алынған болатын", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда ферманың 600 бас сауын малы бар. Өндірілген сүтті кәсіпорын оны қайта өңдейтін екі зауытқа тапсырады. Екінші жіберілетін кешен сиыр қора мен бұзаулау бөлімін тұрғызуды көздейді. Жобаны "ҚазАгроҚаржы" қаржыландырады. Оған 616 млн. теңге инвестиция құйып отыр.

Сонымен бірге, бұл аптада лизингілік компания ферманы қажетті техникалар - телескопиялық жүк тиегіш, жемшөп жинайтын комбайн, пресс-подборщик пен трактор сатып алуға қаржыландыру туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, 2007 жылдан бастап, "ҚазАгроҚаржы" сүтті мал шаруашылығында пилоттық жобаларды қаржыландыра бастаған кезде, жалпы өндірістік қуаты жылына 58 800 тонна сүт өндіретін 12 ірі ферма іске қосылған болатын. Осы жобаларды іске асыру барысында республикаға 5 мыңнан астам асыл тұқымды сүтті ІҚМ әкелінген. Қазіргі кезде компания қолданыстағы фермаларды жаңғырту мен ірілендірумен қатар, жаңа өндірістер құруды да көздейтін тағы да 10 жобаны мақұлдады. Мұндай жобалардың қатарында - СҚО-да "Зенченко и Компания" КС фермасында сүтті қайта өңдеу зауытын құру, Павлодар облысында "ОХ Иртышское" ЖШС 200 бас малға арналған қолданыстағы сүт фермасын жаңғырту, Қостанай облысында "Бек" ЖШС үшін 1 200 бас ІҚМ арналған кешен тұрғызу бар.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ деректері бойынша, тауарлы-сүт фермаларымен 2011 жылы 39 028,5 тонна сүт өндірілген, бұл Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерінің импортқа тәуелділік деңгейінің 5% құрайды. Бұл ретте, әзірше жобалардың өндірістің шекті қуатына түгел шықпағаны жөнінде айтылады. Бүгінгі таңда ұлттық холдингтің инвестициялық қоржынында тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша жалпы құны 25,8 млн. теңгеге 23 жоба бар.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Лизингілік компания республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құру бойынша перспективалы жобаларды қаржыландырады. Бұдан басқа, компания жемшөпке, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту мен оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды да қаржыландырады. Компания "ҚазАгро" ұлттық холдингінің құрамына енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны