24.05.2011, 14:25 2848

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Германияда күкірт қышқылын өндірудің жаңа технологиясы туралы баяндама жасады

Форум кезінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының Қазатомөнеркәсіп қызметінің жаңа бағыттарындағы басымдықтарына арналған баяндама жасады. Онда уран және сирек металдар өндірісін ресурспен қамтамасыз етудегі инновациялар туралы айтты. Баяндамада "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-де теңіз суын тұщыту барысында алынатын тұздықты қайта өңдеудің перспективалық жобасына баса назар аударылды. Бұл бағыт Ақтау базасында химиялық кластерді дамытуда маңызды тармақтардың біріне айналмақ. Тұщыту қондырғыларының тұздықтарын қайта өңдеу нәтижесінде мұнай-газ, тау-кен және қайта өңдеу кәсіпорындарында үлкен сұранысқа ие кең ауқымдағы өнімдер алынатын болады. Атап айтқанда, осындай реагенттердің бірі саналатын сутек тотығы уран және алтын өндірісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. В. Школьник онда сондай-ақ, форумға қатысушыларды күкірт қышқылы өндірісіндегі жаңа технологиямен таныстырды.

Алматы. - мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник Берлинде "Экономикалық ынтымақтастық үшін серпіндер" Қазақстан-Германия экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форум кезінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының Қазатомөнеркәсіп қызметінің жаңа бағыттарындағы басымдықтарына арналған баяндама жасады. Онда уран және сирек металдар өндірісін ресурспен қамтамасыз етудегі инновациялар туралы айтты. Баяндамада "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-де теңіз суын тұщыту барысында алынатын тұздықты қайта өңдеудің перспективалық жобасына баса назар аударылды. Бұл бағыт Ақтау базасында химиялық кластерді дамытуда маңызды тармақтардың біріне айналмақ. Тұщыту қондырғыларының тұздықтарын қайта өңдеу нәтижесінде мұнай-газ, тау-кен және қайта өңдеу кәсіпорындарында үлкен сұранысқа ие кең ауқымдағы өнімдер алынатын болады. Атап айтқанда, осындай реагенттердің бірі саналатын сутек тотығы уран және алтын өндірісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. В. Школьник онда сондай-ақ, форумға қатысушыларды күкірт қышқылы өндірісіндегі жаңа технологиямен таныстырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны