16.05.2006, 17:57 3398

«KazEnergy» қауымдастығының құрамына жаңа 14 мүше енді

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. «KazEnergy» қауымдастығының құрамына жаңа 14 мүше енді. Қауымдастықтың жылдық жалпы жиналысында бүгін осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қауымдастық құрамындағы жаңа мүшелердің арасында «Шеврон», «Шелл Казахстан», «ENI Spa», «PetroKazakhstan», «ЛУКОЙЛ Оверсиз», «Тоталь», «Қазмұнай Теңіз» АҚ мен «KEGOC»АҚ, «КМГ-Энерго» АҚ сынды энергетикалық компаниялар бар.

Консультативтік-кеңес органы ретінде қауымдастық кеңесі құрылып, оған Ұзақбай Қарабалин, Борис Зильберминц, Кенжеғали Сағадиев және басқа адамдар енді.

«KazEnergy» қауымдастығы еліміздің мұнайгаз және энергетикалық кешенінің дамуына қолайлы жағдайлар жасау үшін 2005-жылдың қараша айында құрылған. Қазіргі жағдаймен қауымдастыққа мұнайгаз және энергетикалық кешенде жұмыс істейтін 30 компания кірген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны