18.12.2014, 18:38 3798

"ҚазМұнайГаз - өӊдеу және маркетинг" АҚ Басқарушы директоры - МӨЗ жаӊарту жобаларын басқару департаментініӊ директорын тағайындау туралы хабарлайды

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз - өӊдеу және маркетинг" АҚ Басқарушы директоры - МӨЗ жаӊарту жобаларын басқару департаментініӊ директоры лауазымына Серик Жалелович Байсексенов тағайындалғаны туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өмірбаяндық анықтама:

1960 жылғы 9 ақпанда Гурьев қаласында (қазіргі уақытта Атырау қаласы) туылды.

1983 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын аяқтады.

1983 жыл мен 2002 жыл аралығында Орал арматура зауытында механикалық-жинау цехы бастығыныӊ орынбасары, бастығы, "Мұнай Өнімдері" МАҚ бас инженері, "Мұнай Өнімдері" МАҚ Орал облыстық мұнай базасыныӊ директоры, "Орал Мунай Өнімдері" ААҚ вице-президенті, "Орал су мұнай базасы" АҚ президенті, "Қазақойл-Продактс" ЖШС Орал филиалыныӊ директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап 2004 жылға дейін - "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" АҚ Орал филиалы директорыныӊ орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ менеджері, бас менеджері, мұнай өӊдеу департаменті директорыныӊ орынбасары, мұнай өӊдеу департаментініӊ директоры, мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаментініӊ директоры болып жұмыс атқарды..

2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін - "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ өндіріс жөніндегі бас директордыӊ орынбасары.

2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін - "CASPI BITUM" БК" ЖШС бас директордыӊ бірінші орынбасары - бас инженері, "Kazakhstan Petrochemical Industries" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ бірінші орынбасары.


"ҚазМұнайГаз - өӊдеу және маркетинг" АҚ Қызмет Корпоративтік байланыстар

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны