22.06.2012, 13:38 2851

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Efix брендті жаңа мотор отынын өткізуді жоспарлап отыр

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ жақсартылған пайдалану сипаттамасына ие Efix маркалы жаңа отынын енгізуді жоспарлап отыр. 2013 жылдың басынан Астана қаласындағы "ҚазМұнайГаз" жанар-жағар май құю станцияларында Efix жаңа мотор отынын ұсыну жоспарланып отыр. Болашақта оң тәжірибе Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде қолданылатын болады.

Алматы. 22-маусым. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ: Компания Efix брендті жаңа мотор отынын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ жақсартылған пайдалану сипаттамасына ие Efix маркалы жаңа отынын енгізуді жоспарлап отыр. 2013 жылдың басынан Астана қаласындағы "ҚазМұнайГаз" жанар-жағар май құю станцияларында Efix жаңа мотор отынын ұсыну жоспарланып отыр. Болашақта оң тәжірибе Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде қолданылатын болады.

Қазіргі уақытта Германияда брендті отынды жасау үшін шөгіндінің оңтайлы жинағын іріктеу бойынша зертханалық сынақтаулар жүргізілуде.

Аталған отын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-ның Еуропадағы еншілес компаниясы The Rompetrol Group табысты өткізуде және бүкіл Еуропада әуесқой автомобильшілер арасында кең танымалға ие болды.

Отынның оңтайлы құрамын алу мақсатында, Астана қаласының мұнай базасында заманауи араластырғыш жабдықты орнату жоспарланып отыр, жаңа отынға ЖМҚС-да және бензовоздарда жеке резервуарлар бөлінетін болады.

Efix отыны жай отынмен салыстырғанда жақсартылған сипаттамаға ие соңғы үлгідегі белсенді шөгінді жинағынан тұрады, олар қозғалтқыш жұмысының тиімділігін, автомобильдің қуаттылығы мен екпін алу динамикасын арттырады, сондай-ақ бензинді және дизельді қозғалтқыштардың отын жүйесін кәсіби қорғауды қамтамасыз етеді. Efix бензині мен дизель отынын пайдалану отын шығынын төмендетуіне және автомобиль шығарындысының зиянды заттарын төмендетуіне мүмкіндік береді. Efix еуропа стандартының техникалық талаптарына толық сәйкес келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны