12.10.2012, 16:20 3220

Қазтеміртранс пен Азық-түлік корпорациясы бірігіп астық тасымалдайтын болады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оның аясында тараптар мемлекеттік тапсырысқа сәйкес астық қорын тасымалдау бойынша біріккен жұмыс жасауға міндеттенеді.

Астана. 12-қазан. Kazakhstan Today - "Қазтеміртранс" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) мен "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оның аясында тараптар мемлекеттік тапсырысқа сәйкес астық қорын тасымалдау бойынша біріккен жұмыс жасауға міндеттенеді.

"Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ 2012 жылы тасымалдауға жоспарлаған жарты миллион тоннаның шамамен 350 мың тоннасы сәтті тасымалданып бітті. Қалған 150 мың тонна келісімшартта белгіленген мерзімде қажетті жерлерге жеткізіледі", - делінген хабарламада.

2012 жылғы маусымнан бері "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жеке парк жағдайында вагондардың мүліктік паркін өзінің еншілес компаниясының пайдалануына өткізуде. Қазанның басындағы жағдай бойынша "Қазтеміртранс" АҚ-ға 14 мыңнан астам вагон, соның ішінде 3 мың астықтасығыш өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны