01.03.2012, 10:51 3827

"ҚазТрансГаз Аймақ" Таразда жоба құны 20,2 млрд теңгені құрайтын газ тарату желілерін жаңғыртуды жоспарлауда

"ҚазТрансГаз Аймақ" Таразда 2012-2019 жылдарға арналған газ тарату желілерін жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне компанияның баспасөз қызметінің басшысы Бексұлтан Құрманқұлов мәлімдеді.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз Аймақ" Таразда жоба құны 20,2 млрд теңгені құрайтын газ тарату желілерін жаңғыртуды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазТрансГаз Аймақ" Таразда 2012-2019 жылдарға арналған газ тарату желілерін жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне компанияның баспасөз қызметінің басшысы Бексұлтан Құрманқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңғыртуға кететін шығын 20,2 млрд теңге көлемде жоспарланған, оның 5 млрд теңгеге жуығы жеке қаржыс есебінен, қалғаны займдық қаржы есебінен қаралған, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігі.

"Жобаның негізгі стратегиялық әріптесі Қазақстан даму банкі. Қарыз ақша осы банк арқылы алынатын болар", деді ол. Жобаны орындауға компания биыл бірінші жартыжылдықта кіріспек.

Жаңғырту шеңберінде Таразда тозығы жеткен жер бетіндегі газ таратушы желілер жер асты отандық полиэтилендік газ құбырларына ауыстырылады және газды есепке алу құралдары да ауыстырылмақ. "Компания жоба шеңберінде Тараздың тұтынушылары үшін смарткарталар мен термокорректорлар енгізілген мембраналық есептегіштерді орнатып береді, олар есепті дәл жүргізуге мүмкіндік бермек", деді ол.

2012 жылы ол үшін 2,2 млрд теңге бөлу көзделген, 2013 жылы - 2,5 млрд теңге, 2014 жылы - 3,3 млрд теңге.

2012 жылы қалада диаметрі 63- 500 мм жер асты полиэтилен құбырының 104 км салу және дербес шкафтық регуляторлық пункттердің (ШРП) шамамен 2,5 мыңын аустыру көзделген, 2013 жылы 90 км газ бөлетін желі салу және 1539 ШРП ауыстыру, 2014 жылы шамамен 188 км желі салып, 3490 ШРП ауыстыру көзделген, деді Б.Құрманқұлов.

Оның айтуынша, бұл инвестициялық жоба мемлекеттік табиғи монополияларды реттеу агенттігінде келісілген және қазір мұнай мен газ министрлігінің келісімін алу үшін сонда өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны