24.05.2010, 14:10 3081

Кедендік одақ елдерінің арасындағы сауда-саттықты есепке алу үшін 275,6 млн теңге қажет - ҚР Статистика агенттігі

Кедендік одақ елдерінің арасындағы сауда-саттықты есепке алу үшін 275,6 млн теңге қажет - ҚР Статистика агенттігі

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Кедендік одақ елдерінің арасындағы сауда-саттықты есепке алу үшін ҚР Статистика агенттігіне 275,6 млн теңге қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов бүгін парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында депутаттар сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кедендік одақ елдерінің арасындағы сауда-саттықты есепке алуды қамтамасыз ету үшін ҚР Статистика агенттігі 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзара сауда-саттық бойынша статистикалық есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде айқындалған", - деді И. Смайылов.

"Өзара сауда-саттық бойынша статистикалық есепті жүргізудің ақпараттық көзі ретінде Кедендік одақ елдерінің өзара тауар айналымын есептеудің 1-ТС статистикалық формасы жасалған", - деді ол.

Сонымен бірге, оның айтуынша, осы жұмысты жүзеге асыру аясында "өзара сауда-саттық бойынша статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, таратуға арналған жаңа ақпараттық жүйе жасау және сыртқы сауда бойынша кедендік статистикалық мәліметтермен біріктіру жоспарлануда".

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасының бағалауынша, бұл жұмысты 2011 жылы жүзеге асыру үшін "агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық статистикалық департаменттердің штат қызметкерлерінің санын ұлғайту, сондай-ақ, 2010-2011 жылдарға арнап 275,6 млн теңге көлемінде тиісті қаржы бөлу қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны