23.09.2016, 09:29 4615

Кентау қаласыныӊ өнеркәсіп кәсіпорындары 12519,5 млн. теӊгеніӊ өнімін өндірді

"Кентау қаласы Елбасымыздыӊ бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілгеннен кейін көптеген жұмыстар жандана бастады. Қала жаӊа кейіпке еніп, өн бойына өзгерістер пайда болды. Жыл сайын жетістікке қол жеткізіліп келеді",- деді әкім орынбасары.

Кентау. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кентау қаласыныӊ өнеркәсіп кәсіпорындары 12 млрд 519 млн 500 мыӊ теӊгеніӊ өнімін өндірді. Бұл туралы Кентау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы және ағымдағы жыл жетістіктері бойынша жолдаған ақпаратында Кентау қаласы әкімініӊ орынбасары Рашид Мыӊбаев баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кентау қаласы Елбасымыздыӊ бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілгеннен кейін көптеген жұмыстар жандана бастады. Қала жаӊа кейіпке еніп, өн бойына өзгерістер пайда болды. Жыл сайын жетістікке қол жеткізіліп келеді",- деді әкім орынбасары.

"Қала бюджетіне тоқталсақ, 2016 жылы 7 айда бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердіӊ жоспары 100,5 пайыз, немесе 33,2 млн. теӊгеге артық орындалды (жоспар - 6881,1 млн. теӊге, нақты - 6914,3 млн.теӊге). 2015 жылғы осы уақыттағы кезеӊмен салыстырғанда қала бюджеті жеке кірістердіӊ өсу қарқыны 105,3 пайызды құрап отыр",- делінген ақпаратта.

Оныӊ ішінде өзіндік жергілікті түсімдер 576,6 млн. теӊгеге жоспарланып, 609,8 млн. теӊгеге немесе 33,2 млн. теӊгеге артығымен орындалып, 105,8 пайызды құрады. Демек, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 30,7 млн. теӊгеге артқан.

"Қаланыӊ өнеркәсіп кәсіпорындары 12519,5 млн. теӊгеніӊ өнімін өндіріп, нақты көлем индексі (НКИ) 104,7 пайызды құрады. Оныӊ ішінде, кен өндіру өнеркәсібінде 84,0 млн.теӊгеніӊ өнімі өндірілген, НКИ 2,1 есе, өӊдеу өнеркәсібінде 11495,7 млн.теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, НКИ - 104,0 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 703,0 млн.теӊгені, -103,1 пайызды, сумен жабдықтау 409,9 млн.теӊгені -100,3 пайызды құрады",-дейді әкім орынбасары.

Рашид Мыӊбаевтыӊ ақпаратына сәйкес, 2010-2016 жыл аралығында Кентау қаласы бойынша индустрияландыру картасына жалпы 9 жоба (жалпы құны - 11980,2 млн.тенге) енгізілген.

Индустрияландыру картасы іске асырыла бастағаннан бері құны 3609,0 млн.теӊге, 255 жұмыс орнын құрайтын 4 жоба іске асырылып, жоспарлық қуаттылықты игерді.

Сонымен қатар, 2016 жылдыӊ қыркүйек айында 1 жоба ("Электродеталь" ЖШС, құны 867,0 млн.теӊге, жаӊа жұмыс орны - 50) іске қосылады деп жоспарланды.

Ал 2017 жылы жалпы құны 7504,2 млн.теӊгені құрайтын 4 жоба іске қосылады, жаӊадан 508 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны