16.06.2017, 14:02 6261

Қылмыстық кодекстіӊ экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты баптарын ізгіліктендіруге байланысты жалған кәсіпкерлікті декриминилизациялауға қатысты жаӊартулар жасалды

Еске салсақ, екі ұйымныӊ бірлесіп атқарған жұмысыныӊ нәтижесінде бірқатар салаларда сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары екені анықталған. Атап айтқанда 2016 жылы мемлекеттік сатып алу саласында 268 сыбайлас жемқорлық қылмыстар тіркелген, бұл жер қатынастары, құрылыс және ТКШ, білім, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды едәуір асады.

Жалған кәсіпкерлікті декриминализациялау кері әсер туындатпайды

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Бас прокуратура мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бизнесті көлеӊкелі экономикамен күресіп, адал кәсіпкерлікті дамытуға шақырды.

"Атамекен" ҚР ҰКП Съезі барысында ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары Марат Ахметжанов отандық бизнесті заӊды тұрғыда қолдау тақырыбында баяндама жасады. Еӊ алдымен ҚР Қылмыстық кодексініӊ кейбір баптардыӊ декриминиализациялауға тоқталды.

"Қылмыстық кодекстіӊ экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты баптарын гуманизациялауға байланысты, оныӊ ішінде (215-бап) жалған кәсіпкерлікті декриминилизациялауға қатысты жаӊартулар жасалды. Сонымен қатар Қылмыс кодексініӊ 13-бабы бойынша жаза мөлшері төмендетілді, 6-бабы бойынша тұлғаларды жауаптылықтан босатылуы қарастырылды және ауыр санаттағы үшінші бабы бойынша баламалы жаза ретінде еселенген айыппұл салу көзделді", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Қылмыстық қудалауды қысқарту жолы арқылы салықтық әкімшілік етуге қалыпты жағдайлар туады. Тәуекелдерді бағдарлау жүйесіне толықтай өту барлығына дерлік тексеру жүргізуге ерік бермейді, яғни нақты критерийлер бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

"Мысалға, айналымы өте үлкен, тауар жеткізілім жоғары,бірақ қызметкерлері де, техникасы да, одан қалды кеӊсесі де кәсіпорын да мүлдем жоқ. Бірден жүйеге дабыл түседі.Декларациялар жиі өзгертіледі, құжаттар да қолдан өзгертіледі. Бұл да дабыл. Қауіпті аймаққа түстіӊ бе - тексерісті күте бер. Мемлекеттік кірістер департемнті сонымен қатар әлемдік тәжірибедегі жаӊа технологияларды енгізетін болады. Электрондық шот-фактуралары, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, депозиттік ҚҚС есебі, осыныӊ барлығы операцияларды ашық және заӊды жүргізуге мүмкіндік ашады", - деді Марат Ахметжанов.

2016 жылдыӊ 14 маусымында өткен Форумда бекітілген Жол картасы мүдделі мемлекеттік органдар мен "Атамекен" ҰКП бірлесе іске асуда.

Айта кетелік, 17 жылдыӊ 31 мамырында ҚР Парламенті Мәжілісі ҚР "Прокуратура туралы" Заӊ жобасыныӊ жаӊа редакциясын бекіткен еді. Бұл Заӊ жобасы бизнестіӊ заӊдық мүддесі мен құқығын қорғау шаралары барынша күшейтіліп, тексерулерді азайтуға, бақылау-қадағалау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Енді Бас прокуратура қудалау органнан адал кәсіпкерлер мүддесін қорғайтын органға айналды. Бас прокуратура бақылаушы орган өз міндетін орындамаған жағдайда ғана тексеру жүргізетін болады. Барлық тексерулер тіркелетін болады, олардыӊ шектік мерзімі 30 күнге созылады.

Өз кезегіндеҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаев кәсіпкерлік пен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық жайлы баяндады.

Биыл ақпан айында "Атамекен" ҰКП мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасы дайындалып, әрбір саладағы сыбайлас жемқорлық деӊгейін анықтау жұмыстары бірлесіп атқарылып келеді.

"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындаған Жол картасы аясында 16 саланыӊ қызметіндегі жемқорлық қауіпке талдау жүргізілу қолға алынды. Бүгінде денсаулық сақтау, құрылыс, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық қаупі анықталып, нәтижесі талқыланды", - деп хабарлады Алик Шпекбаев.

Еске салсақ, екі ұйымныӊ бірлесіп атқарған жұмысыныӊ нәтижесінде бірқатар салаларда сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары екені анықталған. Атап айтқанда 2016 жылы мемлекеттік сатып алу саласында 268 сыбайлас жемқорлық қылмыстар тіркелген, бұл жер қатынастары, құрылыс және ТКШ, білім, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды едәуір асады.

Агенттік Төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаевтыӊ айтуынша, сәулет және қала құрылысы саладағы сот тәжірибесін талдауда сыбайлас жемқорлық қылмыстардыӊ басым бөлігі басшылық құрамына қатысты. 2015-2016 жылдары 18 сотталушыныӊ 15-і басшылық қызметтегі тұлғалар.

Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасыныӊ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетініӊ деректеріне сәйкес, табиғатты пайдалану және экология саласында 2016 жылы 26 сыбайлас жемқорлық қылмыстар тіркелді. Бұл ретте, 2017 жылдыӊ 4 айыныӊ қорытындысы олардыӊ саны өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 3 есе өсті.

Энергетика министрлігі және оныӊ аумақтық бөлімшелерімен 2016 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылық фактілері бойынша 5610 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, олардыӊ 92% бойынша жалпы сомасы 2 млрд. теӊгеден астам айыппұл салынған. Салынған айыппұл көлемі еӊ көп аумақтар атап өтілді. Олар - Батыс Қазақстан облысы - 578 млн. теӊге, Ақтөбе облысы - 458 млн. теӊге және Қарағанды облысы бойынша - 448 млн. теӊге.

"9 сала бойынша тексеруден соӊ заӊнамаға өзгерту енгізуге 229 ұсыным берілді, оныӊ ішінде 64 нормативті-құқықтық актілерге қатысты, 35-заӊға қосалқы актіге қатысты.Мемлекеттік органдардыӊ бақылаушы-қадағалау функциясын азайтып, қызметкерлердіӊ еӊбекақысын көтеруді ұсынды. Мемлекеттік сатып алуларда республика бойынша 800-ден астам лауазымдық тұлға жауапқа тартылған", - деді Алик Шпекбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны