16.01.2008, 14:51 1592

Қырғызстанда Қамбарата СЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде

Қырғызстанда Қамбарата СЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бішкек. 16-қаңтар. Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қамбарата СЭС салуға қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Нарынгидроэнергокурулуш" АҚ бас директоры Альберт Абазбеков хабарлады.

"Қазіргі уақытта жаңа техникалар сатып алынған, ал осыған дейін сатып алынған техникалық құралдар тіркеліп, легализациялануда",- деп атап өтті А. Абазбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 2-ші Қамбарата СЭС құрылысын аяқтауға 5 млрд сомға жуық қаржы бөлінген болатын. Жобаға сәйкес, 1-ші Қамбарата СЭС нысандардың ішіндегі үлкені болып табылады: оның жобалық қуаттылығы 1900 МВт құраса, жыл сайын 5,1 млрд кВт/сағ көлемінде электр қуатын шығару жоспарлануда. 2-ші Қамбарата СЭС қуаттылығы орнатылған агрегаттардың саны мен қуаттылығына қарай 240 - 360 МВт құрайды. Жоспарланған жылдық қуат шығару көлемі - 1050 - 1148 млн кВт/сағ.

Электр станциясының құрылысы 1986 жылы басталғанан болатын. Энергетиктердің мәліметтеріне сүйенсек, осы күнге дейін 2-ші Қамбарата СЭС құрылыс-монтаждау жұмысының 30 пайызға жуығы атқарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны