13.07.2010, 10:46 3216

Қырғызстанда Қазақстанның бес бірдей компаниясымен электр қуатын сатып алу келісімшарттары жасалды

Атап айтқанда, "Электр станциялары" ААҚ экспорттау бөлімінің бастығы Құтбидин Нәжімеденовтың айтуынша, "Актив Энерготрейд" ААҚ, "Теміржолэнерго" ЖШС, "ГЭС-Энерго Алматы", "Энергопоток" және "Оңтүстік Жарық" компанияларымен келісімдерге қол қойылған.

Алматы. 13-шілде. Kazakhstan Today Қырғызстанда осы елден электр қуатын сатып алатын Қазақстанның бес бірдей компаниясымен келісімшарт жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, "Электр станциялары" ААҚ экспорттау бөлімінің бастығы Құтбидин Нәжімеденовтың айтуынша, "Актив Энерготрейд" ААҚ, "Теміржолэнерго" ЖШС, "ГЭС-Энерго Алматы", "Энергопоток" және "Оңтүстік Жарық" компанияларымен келісімдерге қол қойылған.

"Барлық компаниялармен келісімшарттар 2010 жылдың қараша айына дейін жасалып отыр. Электр қуатының орташа құны шамамен үш центті құрайды", - деп толықтырды ол.

Қ. Нәжімеденов сонымен бірге, көптеген компаниялар қыс айларына шарт жасасу ниеттерін танытқан. Алайда, қыс кезінде электр қуатын экспортқа шығару мәселесі әзірге шешілген жоқ. Өйткені, Қырғызстанда жақын уақытта электрмен жылытуға рұқсат берілмек.

"Қалай болғанда да, отандық энергетика компаниялары өз мүмкіндіктерін бағалаулары тиіс. Егер Энергетика министрлігі рұқсат етсе, біз келісімшарттарды ұзартуға немесе қыс айларына жаңа келісімшарттар жасауға әзірміз", - деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны