04.10.2010, 18:10 4374

Қытай соңғы бес жылда экономикасының даму қарқыны бойынша дүниежүзіндегі елдердің көшбасшысы болып отыр

Қытай 11-ші бесжылдықта экономикасының даму қарқыны бойынша дүниежүзіндегі елдердің көшбасшысы болып отыр. Бұл туралы бүгін Қытайдың "Жэньминь жибао" газеті жазады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

Алматы. 4 - қазан. Kazakhstan Today - Қытай 11-ші бесжылдықта экономикасының даму қарқыны бойынша дүниежүзіндегі елдердің көшбасшысы болып отыр. Бұл туралы бүгін Қытайдың "Жэньминь жибао" газеті жазады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

"2010 жыл әлі аяқталмаса да 11-ші бесжылдықта қытай экономикасының өсуі жаңа екпін алғандығы айдан анық",- деп жазады баспа. "2006-2009 жылдары 4 жыл ішінде ЖІӨ орташа өсіуі 11,4 пайызды құраған",- деп хабарлайды "Жэньминь жибао".

Сондай-ақ елде айтарлықтай табиғи апаттардың орын алғандығына және де экономикадағы әлемдік қары дағдарысына қарамастан ЖІӨ жоғары қарқынмен өсуіде, деп жазылған мақалада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны